|
![]() |
![]() |
|
||||
|
![]() |
![]() |
ЕЛДІК МҮДДЕЛЕРІМІЗ |
|
Мемлекет басшысының өз бастамаларын арнайы Үндеу арқылы жариялап, онда қазақстандықтарға шынайы алғысын білдіруі оның маңыздылығын арттыра түседі. Бұл – Елбасының халқына ұсынған президенттік әрі перзенттік сыйы. Ол бастамалардың әрқайсысы бүгінгі таңда халықтың көкейінде жүрген ең маңызды мәселелерді қамтиды. |
|
![]() |
ҰЛТТЫҚ МАҚСАТПЕН ҮНДЕСУ |
|
Елбасымыздың Жолдауына қатысты соңғы жарияланған ақпараттардың мазмұны «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» біріктіреді. Ұлт жетекшісі сөзінің басында, бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келетіндігін, жаңа технологиялық қалып, біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертіп жатқандығын баса айтқан болатын. Бұл өзгерістер сансыз сын-қатерлермен қатар жүреді. Бәсекелестік ортадағы жағдайын тұрақтандыру үшін де еліміз аталған жаһандық құбылыстарға дайын болу керек екендігі анық. Мемлекет басшысы айтқандай, бізде «қажетті бағдарламалардың барлығы бар». |
|
![]() |
Бағдат Әбілмәжінұлы аудандағы кәсіпорындармен танысуда |
|
![]() |
Аудан көлеміндегі "Берикап Қазақстан" жауапкерлігі шектеулі серіктестігі, алкогольсіз сусын шығаратын "Галанс ботлерс" акционерлік қоғамы, "Медиатекс " бас киім шығаратын өнеркәсіптердің тыныс тіршілігімен танысты. Көңілге қонарлығы сол өнімдердің сапалылығына мән беріледі екен. Бұл өнімдер ішкі нарықта ғана емес ТМД мемлекеттерінде де үлкен сұраныста. |
![]() |
Бағдат Әбілмәжінұлы аудандағы мекемелермен танысуда |
|
![]() |
Аудан әкімі бүгін ақсақалдар кеңесіне қатысты. Елдің хал-ахуалын қарттарымызбен талқылады. Асылдың сынығы Төрткен Кененқызымен танысып, ауыл ақсақалдарымен алдағы жоспарларымен бөлісті. Ауданымыздағы білім бөлімі, ветеринарлық станциясы, Тіл орталығы, Әлеуметтік азаматтық базис "Болашақ" қоғамдық бірлестік мекемелерімен танысып, жұмыстарымен танысты. Соның бірі Алматы облысы бойынша үздік атанған Іле аудандық кітапханасында болып, Кovorking орталығының жұмыстарын көрді. Орталық кітапханамызда 172 561 кітап қоры, электрондық кітапханалары жұмыс жасап тұр. Ауданымыздың тілі, көзі һәм құлағы болып жүрген аудандық "Іле таңы" қоғамдық-саяси апталық газеті ұжымымен танысты. |
![]() |
200 мүйізді ірі қарадан 197 бұзау алған «Байсерке-Агро» |
|
![]() |
Мүйізді ірі қараның қазақстандық «Ақбас» тұқымынан 97% және «Әулиекөл» тұқымынан 99% (200 сиырдан 197) бұзау алған, Канададан жеткізілген етті бағыттағы және 70 литрға дейін сүт беретін сиырлардың «Ангус» және «Герефорд» тұқымдарының мал басы санын арттырып, бұзауларының тәулігіне 1-1,5 келі салмақ қосуына мүмкіндік жасап отырған, сүттің сауылуынан өңделуіне дейінгі процестерді толықтай автоматтандыруға көшірудің нәтижесінде сүттің құнарлылығын жоғалтпай, сапасын арттырып, әр сиырдың сүт беруіне байланысты азықтандыру мөлшерлемесін нақты есептеп беретін роботтарды қолданып жүрген заманауи технологияларды өндіріске алғашқылардың бірі болып енгізіп жүрген, сондай-ақ мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығындағы өнімділік .......... |
![]() |
Іле ауданының жаңа әкімі тағайындалды |
|
![]() |
ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Іле ауданының әкімі болып Бағдат Қарасаев тағайындалды. |
![]() |
БІЛІМ ЕРКІНДІГІНДЕГІ СЕРПІЛІСТЕР |
|
![]() |
Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Шараға аудан әкімі Қ. Медеуов, Алматы қаласындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының директоры С. Кеңесбаев, аудандық мәслихат хатшысы Р. Абилова, аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткеева және округ әкімдері, аудан көлеміндегі орта мектептердің басшылары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қоғамдық ұйым өкілдері мен ата-аналар қатысты. |
![]() |
БІРТҰТАС ЕЛДІҢ БЕРІК ТАСЫ |
|
Қымбатты Іле ауданының тұрғындары мен құрметті қонақтары! Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды. Саяси жүйенің тиімділігін арттыру және мемлекеттігіміздің мызғымастығын қамтамасыз ету бағытында елімізде жүргізілген конституциялық реформа жаңа жаһандық өзгерістерге жауап береді. |
|
![]() |
Турнир төресі ШЕБЕРЛІК ШЫҢДАЛДЫ |
|
![]() |
Өтеген батыр ауылындағы аудандық ардагерлер үйінің ғимаратында аудандық спорт бөлімі және Іле ауданының мемлекеттік қызметкерлер мен әр саладағы жергілікті кәсіподақ ұйымдары, қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастыруымен 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай, аудан әкімінің кубогына арналған мекеме қызметкерлері арасында бильярд және шахматтан аудандық турнирі өткізілді. |
![]() |
ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ |
|
Елбасымыздың бес әлеуметтік бастамасының бесіншісі, маңызды салалардың бірі – елді газбен қамтамасыз ету. Қазір еліміздегі тұрғындардың 50 пайызға жуығы газбен қамтылған. 9 облысқа газ тартылған. Н.Назарбаев бұл жаңа қадамдар бүкіл қазақстандықтарға, еліміздің барша азаматтарына игі әсер ететінін айтты. Қоғам өз тағдырын Қазақстанмен тығыз байланыстырып, болашағын жоспарлаудың тың мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, Ұлт көшбасшысы бағдарламаны заңды тұрғыдан бекіту қажеттігін де алға тартты. Оны іске асыру «әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа, нақты мазмұнмен байыта түседі. Сонымен қатар, Н. Назарбаев бүгінгі бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асатынын айтты. Ол жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге, қазаққа керектігін жеткізді. |
|
![]() |
АГРОӨНЕРКӘСІП АЛҒА ДАМУЫ КЕРЕК |
|
Елбасы Н. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа белесі» атты жыл сайынғы Жолдауын Қазақстан халқына арнады. Президентіміздің Жолдаулар мен бағдарламалық мақалалары тәуелсіз еліміздің ілгері қадам басуына алғышарт іспеттес. Биылғы Жолдауда елдің жан-жақты дамуының негізгі басымдықтары мен жоспарлары айқындалады. Одан әрі дамудың басты бағыттарын жариялай отырып, Нұрсұлтан Назарбаев халықтың қолдауына ие болатын міндеттерді шешуге жұмыла кірісуге шақырады. Жаңа Жолдау қоғам мен мемлекеттің әрі қарай дамуына қажетті 10 міндеттен тұрады. Құжатта индустриаландыру, ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу, адами капитал, жемқорлықпен күреске баса назар аударылды. Жолдауды жүзеге асыру үшін біз өз тарапымыздан белсене атсалысамыз. Жолдаудың жетінші міндетінде «Адами капитал – жаңғыру негізі», – деген тапсырмаға баса назар аударғымыз келеді. |
|
![]() |