Біздің мектебіміздің жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы демалыс алаңы жылдағыдай балалардың тиімді демалуын ұйымдастыру мақсатында өз жұмысын сәтті өткізді. 1 кезеңі «Балаларды қорғау күнінен» басталды. Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтетін уақыт. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана- сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі болғандықтан тәрбиешілер балалардың демалыс уақытын тиімді ұйымдастыра біледі. Түрлі шаралар ұйымдастырылып, балалар өз шеберліктерін әр қырларынан таныта білді. Балаларының осындай тиімді де қызықты демалысына ата-аналар да дән риза. Мектеп басшысы Б.Абдуллаева, сонымен қатар алаң басшылары С.Бердібекова мен Э.Таджигулова да күнделікті балалардың демалысын қадағалаудан тыс қалдырған емес. Осындай сапалы да, тиімді алаң жұмысы балаларға қуаныш сыйлаумен қатар, олардың мектепке қызығушылығын арттыра түскендей болды. Балалар 10 күн ішінде жақсы көңіл-күймен, зор қызығушылықпен, ұйымдасқан түрде ауысымды аяқтады. Ауысымның жабылу салтанатында балалар 10 күн ішіндегі өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісіп, ән айтып, би билеп, белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
|