БАСТЫ > 

 
 
 
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС БАҚЫЛАУЫНДА 25.10.2016

       

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек», - деп атап көрсеткен болатын. Қай мектептің де болашағының жарқын болуы білімге байланысты. Осыған орай барлық дамыған елдер жоғары сапалы білім жүйесіне көшуде. Елімізде де орта білім берудің жаңа бағдары жасалып, қазақстандық оқыту жүйесі әлемдік кеңестікке енуге бағыт алуда. Қазіргі таңда елдің бәсекеге қабілеттілігі азаматтардың озық ойлылығымен, іскерлігімен анықталады, сондықтан, білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Сол себептен оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой-өрісі кең, саналы азамат етіп тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Сапалы білім беру қызметін көрсету - білім мекемелері мен педагогтар алдында тұрған аса жауапты міндет. Білім сапасы ең алдымен, мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық іс-әрекеттің, оқушының сапасы, ең соңында педагогикалық үрдістің сапасы. Осындай сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдер шығармашыл болуы керек. Жаһандану үрдісінде шығармашылық ізденістегі әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі - ұстаз. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. Өйткені, ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші - білім деңгейімен өлшенеді. Білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Қоғамда білім саласы қашанда алдыңғы қатарда. Биылғы оқу жылының басты бағыты «Білімді ел - Мәңгілік ел» болды. Бұл 2016-2019 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және саламатты өмір салты мәдениетін нығайту. Білім беру процесінде «Мәңгілік Ел» құндылықтары негізінде оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз етуіміз қажет. Оқушыларымыздың интеллектуалды әлеуетін, креативті ойлау қабілетін дамытатын жобаларды жүйелі жүзеге асыруда аса маңызды міндеттердің бірі. Елімізде білім саласы қарқынды даму үстінде.
Біздің ауданымыз үлкен мегаполис, тоғыз жолдың торабы - Алматы қаласының іргесінде орналасқан. Ауданның экономикалық дамуы да күн санап қарыштап дамуда. Бүгінгі заманда адамдар қай жерде әлеуметтік-экономикалық ахуал дұрыс болса, сол жерге тұрақтауды дұрыс деп есептейді. Соған байланысты халықтың саны да күн санап артуда. Әрине, соған орай балалар саны жылдан жылға көбеюде. Ауданымызда бүгінгі күні 49229 бала мектеп партасына отырса, 8036 бүлдіршін балабақшасымен қамтылған. Қазір ауданда 41 мектеп, 80 (8 мемлекеттік, 80 жекеменшік) балабақша бар. Биыл 2 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, келесі жылы тағы 7 мектеп пайдалануға беріледі. Білім беруді қазіргі заман талабына сай жаңартылған білім беру бағдарламасы оқу жүйесіне енді. 1 сыныптың 227 мұғалімдері курстан өтті. Жаңартылған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты, оқу бағдарламалары «Мәңгілік Ел» құндылығына бағдарлануымен жүзеге асырылуда. Заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдері АКТ-құзіреттілігін біліп, қосымша ресурстарды пайдалана отырып, соның ішінде интернет және пән бойынша ақпаратты табу мен өңдеу біліктілігін қалыптастыру мақсатында да арнаулы курстардан өтуде.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың іргетасы мектепте қаланады. Аудандық білім басқармасы, әдістемелік кабинеттің жетекшілігімен тәрбие жұмыстары мақсатты түрде жүргізілуде, оқытудың тәрбиелік мәнін күшейтуге кең ауқымда баса назар аударылуда. Тәрбие мен білім беру бағытында қашан да ата-ана мен мектептің байланысы негізгі басты бағдар. Сондықтан, ата-аналар жиналысы, ата-аналар қауымдастығы топтарда бала тәрбиесінің түрлі қырлары анықталып, жас отбасыларға тәлім-тәрбиелік, тәжірибелік көмектер көрсетілуде. Қоғамда балаға тәрбие беруші басты тұлғалары - ата-аналары. Сондықтан, балалар олардың қасында көбірек болып, бос уақыттарын тиімді өткізгені жөн. Қосымша білім алу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуда аса маңызды.
Аудандық қоғамдық кеңесі отырысында білім бөлімі басқармасы мамандары, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен бірлескен жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы «Қоғамдық Кеңестер» туралы Заңының 18-бабында қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тетіктері бойынша қоғамдық кеңес мүшелері алдында білім беру бөлімінің есебі тыңдалып, қоғамдық кеңес мүшелері жергілікті өзін-өзі басқару органдары лауазымдық қызметкерлерінің жұмыс нәтижелерін жариялық түрде талқылап отырады. Яғни, бақылауды жүзеге асырады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мектептерде мерекелеудің негізгі мақсаты мемлекеттілікті, халықтар бірлігін және барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік Ел» құндылықтары төңірегіне шоғырландыруды одан әрі дамыту. Бірегейлік пен бірлікті нығайту, елі үшін мақтаныш сезімін нығайту, еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттің басты стратегиялық міндетін - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін іске асыру.
Қазіргі таңда қоғамның тілімге деген талабы жоғары. Оқыту жүйесі жаңашылдыққа толы. Болашақтың білімді ұрпағын тәрбиелейтін мұғалімдердің де біліктілігі соған сай болуы тиіс. Олай болса, біздің көп ұлтты, индустриалды инфрақұрылымы қарыштап дамыған ауданымыздың болашағы да бүгінгі жас ұрпаққа жасалынып жатқан қамқорлық аясында кең болып, дами түсетіндігіне сөз жоқ.