БАСТЫ

 
 
 

МІНДЕТТІ САҚТАНДЫРУ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

21.07.2017

    

Еліміздің барлық аймағындағы «Нұр Отан» партиясының филиалдарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіруге бағытталған шаралар өткізілуде. Шараның басты мақсаты - Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамын жүзеге асыруға бағытталып отыр. Аталған қадамда елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қарастырылған болатын. Биылғы 1 шілдеден бастап бұл жүйе елімізде өз жұмысын бастайды. Сол себепті, жаңа жүйенің жан-жақты азаматтарға түсіндіру бүгінгі заман талабы болып отыр. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу нәтижесінде елімізде медициналық көмек көрсету деңгейі айтарлықтай жоғарылайды, сондай-ақ дәрігерлердің жалақыларын көтеруге мүмкіндік туады деген болжам бар. Елбасы Ұлт Жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасын жариялап, алдымызға үлкен міндеттер жүктеді. Бұл жоспары мемлекеттілігімізді нығайтып, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын, елімізді дамыған мемлекеттердің отыздығына кіргізудегі үлкен даңғыл жол. Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеріп, осы тұрғыда медициналық қызметті жақсарту көзделген. Аталмыш бағдарламадағы 80-қадамда: - «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу. Мемлекет, жұмыс беруші және азаматтың ынтымақтасқан жауапкершілігі қағидаты негізінде денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық орнықтылығын күшейту. Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті (БМСК) басымдықпен қаржыландыру. Бастапқы көмек аурудың алдын алу және ерте бастан күресу үшін ұлттық денсаулық сақтаудың орталық буынына айналады», - деп атап көрсеткен.
«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес «Байсерке» бастауыш партия ұйымының №28 гимназия партиялық тобында жеке кәсіпкерлерге, жастарға және ауыл тұрғындарына «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» бойынша аудандық ақпараттық топ мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды. Партиялық жиынды БПҰ-ң төрайымы Т.Көпбаева ашып, аудандық спикерлер, Іле аудандық орталық ауруханасының директорының орынбасары Л.Сулейменова, аудандық орталық ауруханасының СӨСҚ дәрігері Н.Утембаева және Байсерке ауылдық ауруханасының меңгерушісі Б.Сулейменовамен таныстырып, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу жиын регламентіне сәйкес сөз беріп отырды. Жергілікті және аудандық спикерлер «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесін түсіндіру үшін интерактивті тақтаны қолданып, көрнекі ақпараттық құжаттармен қамтамасыз етіп, жиынға жиналған адамдардың сұрақтарына нақты жауап беріп, түсініктеме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жоғары деңгейдегі медициналық көмек алуға бастайтын бірден-бір жол саналып отыр. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап, қолданысқа енгізілгелі отырған Заң жобасын әлі де біреу түсініп, біреу түсіне алмай жүр. Сондықтан, нұротандықтар түсіндіру жұмыстарын тоқтатпақ емес.