1 желтоқсан Қазақстан халқы үшін ерекше мереке. Еліміз жыл сайын Тұңғыш Президент күнін атап өтіп отыр. 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда Н.Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз қолдауымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл мерекенің ерекшелігі — Қазақстанның жаңа тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы, әлемде өзіндік орны бар, қарқынды дамып отырған еліміздің сыртқы-ішкі саясаттағы жетістіктерін - Қазақстанның Тұңғыш Президентімен тікелей байланысты. Елбасының еліміздің Тұңғыш Президенті ретінде атқарған, атқарып отырған тарихи еңбегін бүгінде дүниежүзі, халықаралық қауымдастық та мойындап, жоғары бағасын беріп отыр.
Елбасы елімнің елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Тәуелсіздік пен Елбасымыз Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз талай-талай биік белестерді бағындырып, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Еліміздің егемендігінің арқасында халқымыздың төл тарихы, өнері, мәдениеті жаңғырып жатыр. Бұл сөз жоқ, Елбасы саясатының жемісі. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – ғасыр тұлғасы, елінің жанын ұғатын, халқын замана көшімен аман алып келе жатқан қамқоршы. Айналасына нұрын төккен, жылу шашқан Нұрсұлтан Назарбаевтай тұлғалардың қоғамдағы алар орны ерекше. Халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер. Елбасының бергенінен әлі де берері мол екеніне кәміл сенеміз. Сондай-ақ мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы.
Тәуелсіздіктің тірегі–отаншылдық. Елбасының қолға алған істеріне қолдау білдіріп, сенім арта білуіміз тиіс. Өйткені, мемлекет басшысының бастамасымен бүгінде көптеген игі істер жүзеге асып, халықтың әлеуметтік жағдайы айтарлықтай жақсарды. Білім, ғылым, денсаулық сақтау саласы да зор жетістіктерге жетіп, кейбір елдерде жоқ игіліктерге қол жеткізудеміз. Осының барлығы азаттықтың арқасы. Елін жаңа қадамға бастап келе жатқан Елбасымыз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
|