2016 жылы желтоқсанның 17 күні Чапаев ауылдық округінің аудандық мәдениет үйінде, округ әкімі Б.Жумабаевтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуедсіздігінің 25 жылдығына орай бокстан жасөспірімдер арасында ашық біріншілік басталды. Аталған іс-шара 17 желтоқсаннан 19-на дейін созылады. Үш күнге жоспарланып өткізілетін жарыс, жасөспірімдер арасында боксты насихаттау және дамыту, бокс арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және балалар денсаулығын нығайту мақсатында өз жалауын көтерді. №10 орта мектебінің АӘД мұғалімі С.Наурызбаевтың округ әкімі Б.Жумабаевқа спортшылардың сапқа тұрып, сайысқа дайындығы туралы баяндамасының жалғасы шараның Гимн орындалуымен салтанатты түрде ашылуына ұласты. Сайыстың ашылу салтанатында алғашқы сөзді округ әкімі Б.Жумабаев сөйлеп, барлық спортшыларға сәттілік, жеңіс тілеп, жарыстың басталуымен құттықтады.
Сөз кезегі бокс жарысының құрметті де басты қонағы ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаровқа берілді. Әлем чемпионы спортшыларға басқа елде көк байрағымызды биіктен желбіретуін және сәттілік тілеп, жылы лебізін бідірді.
Аталған шара барысында округ әкімі Б.Жумабаев әлем чемпионы А.Назаровты Бауыржан Момышұлының «Батыр Шапағаты» медалімен марапаттады. Сондай-ақ, «Батыр Шапағаты» медалімен бокс жаттықтырушысы А.Алиевты, Чернобль апатының 30 жылдығына байланысты «30 лет ликвидаций Чернобыльской ЧАЭС» медалімен Н.Шукировты, «За верность долгу» медалімен С.Казиевті марапаттады.
Спорттық іс шараның келесі кезеңі ауыл көркемөнерпаздарының патриоттық әнімен ұласып, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған бокстан Чапаев ауылдық округінің ашық біріншілігімен жалғасты.




|