БАСТЫ

 
 
 

ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫНДА

24.07.2017

    

Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы еліміздің қарқынды дамуына жаңа серпін береді. Стратегиялық құжат халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашады, Қазақстан экономикасын дамудың жаңа кезеңіне жетелейді. «Жолдауда маңызды мәселелер көптеп көтерілді. Жолдауың әр бөлімінде нақты бағыттар мен айқын мақсаттар көрініп тұр. Оларды жүзеге асыру үшін бүкіл қазақ қоғамының және озық күштеріне үмітін артып отыр. Бұл Жолдау арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір азаматқа жаңа, шынайы өмірдегі даму бағыттарына деген өз көзқарасын жеткізе отырып, уақыт дабылын лайықты түрде қабылдап, елдің одан әрі жаңғыруы бойынша тапсырмаларды орындаудан басқа ешбір таңдау жоғын да баса айтты. Елбасы биылғы Жолдауында 5 басымдыққа ие міндетті белгіледі. Оның арқасында экономикамыз жаңғырып, кәсіптік ортаны дамыту шарттары жақсарады, макроэкономикалық тұрақтылық және қазақстандық қоғамның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, адами капиталды дамытудың жаңа сапалы деңгейі қалыптасады.
Елбасы Н.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізгі бес басымдығы экономикалық өсудің жаңа үлгісін құруға мүмкіндік береді. «Мәңгі Ел» идеясын іске асыратын зерделі ұлт ұрпағымыз. Еліміздің жасампаздықпен қарқынды ілгерілеуі жолында дамуының құнды міндеті баршамызға бірдей жүктелген.


 

Р.ҚЫСТАУБАЕВА,

Іле аудандық Әділет басқармасы басшысы,

«Қазақстан Заңгерлер одағы» РҚБ мүшесі.