Аудандық партия филиалының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өтті. Отырысқа аудандық партия филиалы Саяси Кеңесі Бюросының мүшелері, БПҰ-ң төрағалары, аудандық партия филиалының қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде жаңа бастауыш партия ұйымдарын құру және «Қазпошта» бастауыш партия ұйымы атауын ауыстыру жайлы 2 мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов сөз сөйлеп, партия мүшелерін есепке алудың орталықтандырылған деректер қорына партия мүшелерін тіркеу, есепке алу, жарна төлеу тәртібі бойынша жұмыстардың тиімділігін, сапасын арттыру, жүйелендіру мақсатында БПҰ-н құру мәселесі өзекті екені жайлы айтты. «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.8- тармағына сәйкес Іле аудандық партия филиалының «Іле нұры», «Іле аудандық ауруханасы», «Боралдай аудандық ауруханасы», «Даулет центр», «ЦОН», «Водоканал», «ТЭЦ-3», «Қазақтелеком» бастауыш партия ұйымдарын құру туралы жиналыстардың өтілгені партия мүшелерінің бірауыздан қолдау көрсеткені жайлы айтты. Аудан бойынша жаңа 8 БПҰ-дары құрылды. Күн тәртібіндегі 2-ші мәселе бойынша – «Қазпошта» БПҰ-ң атауын «Алматы» БПҰ-ы деп атау керектігі ұсынылып, бірауыздан «Қазпошта» БПҰ-ң атауы «Алматы» бастауыш партия ұйымы болып ауыстырылды. Отырыс барысында жаңа құрылған БПҰ-ның назарын аудара отырып, партия қатарына қабылдау, айлық мүшелік жарнаны жинау, партия мүшелерін есепке алудың орталықтандырылған деректер қорына партия мүшелерін енгізу мәселелері бойынша аудандық партия филиалы есеп және статистика секторының меңгерушісі С.Галимова хабарлама жасады және БПҰ-да, партия топтарында жаңа үлгідегі партия билеттерін тапсыру кестесімен таныстырды. Жарыссөзде аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, Саяси Кеңес Бюросының мүшесі Ә.Исаев, аудандық мәслихаттың хатшысы, Саяси Кеңес Бюросының мүшесі Р.Абилова, облыстық мәслихат депутаты, Саяси Кеңес Бюросының мүшесі Б.Артемов сөз сөйлеп, жаңа құрылған БПҰ-дарына үлкен міндеттер жүктеліп, БПҰ-дары төрағалары алға қойылған міндеттерге жауапты қарау, әр партия мүшесінің жауапкершілігін арттыру, жұмыс сапасын көтеру керектігі жайлы айтты. Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып, ұйымдарда әр партия мүшесіне жеткізу, талқылау, шаралар ұйымдастыру керектігі жайлы ойларын да жеткізді. Күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, талқылай келе аудандық партия филиалының Саяси Кеңесінің отырысы қаулы қабылдады.

|