Басты  - ҚАРТТЫҚҚА ДА, ҚАРАП ОТЫРУ ЖАРАСПАС
 

 
 
 
ҚАРТТЫҚҚА ДА, ҚАРАП ОТЫРУ ЖАРАСПАС 08.12.2015
Аудандық ақсақалдар Кеңесі мен округтердегі қоғамдық Кеңес мүшелері еліміздегі дәстүрлі түрде өтетін Елбасымыздың Жолдауын жаппай тыңдап, өз қортындыларын ортаға салып талқылауда. Менің ойымша Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жаңа Жолдауында қазіргі жаңа дағдарыста тұрған әр қазаққа қазық қағып берді десе де болады.
Әсіресе, денсаулығы нашарлаған қарт адамдар үшін жаңа Жолдауда көптеп айтылды. Дүниені бір тарының қауызына сыйдырғандай мына дағдарыс біздің елімізден де жедел шараларды мықты талап етіп отыр. Әрине, бұған дейін дағдарысқа қарсы біраз дәйекті жұмыс атқарылды. Келер жылдың басынан-ақ барлық институттық реформаларды жүзеге асырудың заңнамалық негізі қамтамасыз етілді. Көз алдымызда өзгеріп жатқан жаһандық қиын ахуал кезінде Қазақстан еңбек өнімділігін арттыру, жаңа жұмыс орындарын көбейту, басқа да өсімге ұмтылуы бойымызға қуат, көңілімізге шуақ емес пе! Міне, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Жолдауы біз үшін елдің дамуына деген көзқарасқа тың серпіліс әкелді. Ол ширығуымыздың, серпілуіміздің жолын көрсетті.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары әлемдік дағдарысқа қарсы нағыз мезгілінде дүниеге келгеніне көзіміз тіпті жете түсті. Жаңа Жолдау – шын мәнінде, бүкіл қазақстандықтарға Елбасының артқан зор сенімі дер едім. Мысалы: медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы 28 пайызға өсетіні мемлекеттің зор бір қамқорлығы болып табылады. Ендеше, тек білек түріп, халық игілігі үшін еңбек еткен абзал.
Дағдарысқа қарсы кілт – әркімнің өз ісіне мұқияттылығы, қарымды қимылы, жұмыстастармен бірлігі, ортақ мүддені биік қоюы. Сонда ғана қиындықтарды еңсереміз. Елбасының баршамызға қаперлегені де, меңзегені де сол.
Елмен емен-жарқын әңгіме! Арылып айтты, ашынып айтқан тұстары да болды. Ұғар адам болса, Елбасының бұл сөздерінен қорытынды жасауы керек! Алғанды қайтар, теңгені құрметте!
Елбасымызша айтқандай «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар».