18.01.2017 жылы сағат 11.00-де Ақши ауылдық кітапханасында іс-шара жоспары негізінде Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжановтың 80 жасқа толуына орай «Сағындырған Саржайлауым» атты тақырыпта сазды кеш өткізілді. Аталған шара Н.Нүсіпжановтың өмірінен мәлімет бере отырып, оқырмандарды өнер арқылы ізгілікке, мәдениетке тарту және өнерді қадірлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Сазды кештің өтуіне ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлері атсалысып, Т.Бокин атындағы № 41 орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, «Ақбота» балабақшасының қызметкерлері кітапхана оқырмандары мен округ әкімінің орынбасары М.Жұмамұратов қатысты. Шараға барлығы 17 адам қатысып, кітапхана ұжымымен дайындалған бағдарламаларымен танысты. Шара соңында округ әкімінің орынбасары М.Жұмамұратов сөз алып, өз сөзінде өткізілген шараның басты мақсаты мен маңыздылығына тоқталып, Н.Нүсіпжановтың өнер жолындағы елеулі еңбектерін атып өтті.


|