Өтеген батыр кентіндегі №24 орта мектеп-лицейдің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының ХX есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев, аудандық партия филиалы төраға-сының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова, аудандық Саяси кеңес Бюросы мүшелері, облыстық, аудандық мәслихаттың депутаттары, бастауыш партия ұйымдарынан шақырылған партия белсен-ділері, ауданның мекеме, бөлім басшылары, этномәдени орталық өкілдері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен партияның «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Жиын барысында Е.Тұрымбетов ағымдағы жылда аудандық партия ұйымының атқарған жұмыстары туралы жан-жақты баяндап, партияның 9 бағыты бойынша атқарылған жұмыстары туралы кеңінен мағлұмат берді.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының XX есеп беру-сайлау конференциясында, аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Іле аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ә.Исаев, «Күрті» бастауыш партия ұйымының төрағасы, округ әкімі Д.Өгізбаев, аудандық партия филиалы Саяси кеңесі мүшесі, №11 орта мектеп саз пәні мұғалімі А.Мельник, аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, №24 мектеп-лицейінің директоры, аудандық мәслихат депутаты Г.Ерубаева, «Жас Отан» Жастар Қанатының атқарушы хатшысы, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Ғ.Дауталиев мінберге көтеріліп, партияға деген өз ықыластарын білдіріп, сөз сөйледі.
Саяси кеңес барысында «Нұр Отан» партиясының жұмыстары мен жетістіктері жайлы баяндаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов Іле ауданы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасына аудан әкімі Қ. Медеуовтың кандидатурасын ұсынды. Алдын ала партияның орталық аппаратымен, облыстық және аудандық Саяси кеңес мүшелері-мен келісілген аудан әкімі Қ.Медеуовтың кандидатурасы бірауыздан қабылданды.
Конференция делегаттарының алдында аудандық саяси кеңестің, Саяси кеңес Бюросының жаңа құрамы бекітілді.
Конференцияның күн тәртібінде аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2015-2016 жылдардағы атқарған жұмысы туралы аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелерін сайлау, Алматы облыстық филиалының ХIX есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.

|