«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының жүйелік кестесіне сәйкес Елбасы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша БПҰ төрағасы М. Сәлімбаев және депутаттық фракция мүшесі – И. Шамиев бастаған ақпараттық топ мүшелері кент тұрғындары, партия мүшелерімен кездесті.
Ақпараттық топ мүшелері жиын барысында Елбасы Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мәселен, Жолдауда айтылған бес негізгі басым бағытты кеңінен түсіндіріп, халыққа жеткізді. Аталған жиынға қатысқан партия мүшелері, жеке кәсіпкерлер, ұстаздар, зейнеткерлер, ауданымыздың өнер саласында қызмет етіп жүрген азаматтар кәсіптік білім, жұмыссыздыққа қатысты сауалдар жолдап, толымды жауаптар алды.

|