Аудандық мәслихат депутаты Елешев Рамазан Николаевичтың қатысуымен «Жаныңда жүр жақсы адам» бағдарламасы аясында «Все начинается с любви» тақырыбында әдеби кеші өтті.
Кешті өткізудегі мақсатымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы аясында оқушыларға шын мәнінде, тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнерімен озып шыққан замандастарымыздың жүріп өткен жолдарын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік және еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету, патриотизмге тәрбиелеу.
«Жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуы үшін оларға үлгі болуымыз керек» – деген болатын Елбасымыз. Ауданымызға белгілі тілші Рамазан Елешев осындай жандардың бірі. Еңбегі, өмір жолы кейінгі ұрпаққа өнеге. Оқушыларды жақын адамдардың өзара қарым-қатынастағы, ынта-ықылас, жан-жылуымен, қадір-қасиетін ұғындыра отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу мақсатында өткен бұл кездесу кеші мағыналы да мәнді болды. Кешке мектеп әкімшілігі, ұстаздар және 8-9 сынып оқушылары қатысты. Пушкиннің, Лермонтовтың, Абай Құнанбаевтың, Есениннің өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Ты меня на рассвете...?», «Не гляди на меня с упреком» әндерін айтып, «Евгений Онегин» романынан үзінді көрсетті.
Кеш барысында оқушылар Рамазан Николаевичпен сұхбаттаса отырып, сал серілердің соңғы әдеби шығармалары, өмірбаяндарынан қызық жағдайлар жайлы және өмірдегі жолы туралы көптеген мәліметтер алды. Оқушыларды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді үйрете отырып, оқушылар сұрақтарына жауап берді.
|