«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев жұмыс сапарымен Іле ауданында болды.
Партияның облыстық филиалының бірінші орынбасары жұмыс сапары барысында М.Түймебаев ауылында орналасқан «BTK GROUP» ЖШС басқаратын кірпіш зауытының жұмысшыларымен кездесті.
Кездесу барысында 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының орындалуы жайында әңгіме қозғалды. Зауыт басшысы, облыстық мәслихат депутаты Тоқан Ботабеков кірпіш шығаратын зауыттың жұмысымен таныстырып, жаңа технология құрылғыларының арқасында 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғандығын атап өтті. Кездесу барысында зауыттың жұмысын жылдан жылға көркейтіп, болашақта бұдан да көп жұмыс орындарын ашу мақсатында жұмыстар атқарылатыны айтылды.
|