Қадірлі Іле тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Осыдан 26 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танымал. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың осынау табысы, еліміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы, мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі.
Осы уақыт аралығында Тәуелсіз Отанымыздың айбыны мен мақтанышына айналған Астана тағы бір мәрте халықаралық үлкен бәсекеде өзінің беделін айшықтады. Бұл талайдан топ жарып «EXPO-2017» халықаралық жетістіктер көрмесін сәтті өткізді. Шын мәнінде, бұл – біздің бірлігі бекем халқымыздың ерен еңбегінің арқасы, Елбасымыздың әлем алдындағы саяси беделінің көрінісі.
Жетісу жеріне алтын қамбадай болған қасиетті мекеніміз – Іле жері де осы тәуелсіздік жылдарында өрлеу үстінде келеді. Рухы биік, намысы үстем бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау болса, біздің асыл мұратымыз осы Тәуелсіздіктің тұғырын баянды етіп сақтау.
Қадірлі жерлестер! Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бірлік, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін!
Қ. МЕДЕУОВ, аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы
|