Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
«Coсa-Сola» Былғары доп - 2016 футбол жеңімпаздары 22.06.2016
   
       Футболдан «Coсa-Сola» Былғары доп Қазақстан Республикасының 2015-2016 жылдағы Алматы облыстық турнирі Талдықорған қаласында 2016 жылдың 2, 5 маусым күндері аралығында өтті. Осы жарысқа ауданымыздың намысын қорғауға №12 орта мектептің 7 сынып оқушылары: Шыңғыс Құдайберген, Сырым Абзалбеков, Али Нұрманов, Алмат Махсет, Мұхан Әкежан, Нұрқанат Наушатов, Арман Жұмабек, Тұрсынәлі Әділет, Медиум Нұрсұлтан, Райымбек Тыныбай және 6 сынып оқушысы Әбітай Дінмұханбет қаысып, І-орынды қанжығалап, ауданның мерейін үстем етті.
Жеңіспен оралған оқушыларды Іле ауданының әкімі Қ.Медеуов қабылдап, жеңістерімен құттықтап, алдағы өтетін Республикалық «Coсa-Сola» Былғары доп - 2016 футбол жарысына ақжол тіледі.
Енді №12 орта мектеп командасы облыс атынан Шымкент қаласында өтетін Республикалық «Coсa-Сola» Былғары доп - 2016 футбол турниріне баруға қызу дайындық үстінде. Команда жаттықтырушылары №12 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Д.Соқбаев және А.Жанпейсов. Жеңістерің құтты болсын, жеңіс туын желбіретіп қайтуларыңа тілектеспіз, жас спортшылар!