Кеше аудандық әкімшіліктің кіші залында аудандық қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Күн тәртібінде Алматы облысы Іле ауданы ауылдық округінің әкімшілік-аумақтық шекараларын шегін белгілеу туралы болды. Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Е.Тұрымбетов жүргізіп отырды. Оған жергілікті қауымдастық кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Сессияда аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Е.Жүнісов баяндама жасады.
Онда басқада күрделі мәселелер талқыланды. Мысалы, жергілікті қауымдастық мүшелеріне өз құқықтарын толық білуі тиіс екенін айтылды. Әсіресе қоғамдық көліктердің адамдарды тасымалдауы ешқандай құзырлы органдармен тексерілмейтіні немесе аудан көлеміндегі орта мектептердегі ұстаздардың денсаулығына мән берілмейтіндігі, асхана тазалығының жіті қадағаланбайтындығы сынға алынды. Оқушылардың тамақтану жағдайын бақылайтын мектеп қабырғасындағы медбикелердің жұмысындағы олқылықтарды қадағалау керектігі жайлы сын айтылды. Кейбір мектептердің арнайы мектеп формасы да таңдалып алынбаған. Оқушылар мектепке әр түрлі киіммен қатынауы жайлы да сөз қозғалды.
Қоғамдық кеңес мүшелері өз тарапынан кейбір шалғай ауылдардың мектепке апарар жолдарының дұрыс жарықтанбағандығын айтты.
Сонымен қатар аудандық қоғамдық кеңес мүшелігіне В. Поротиков пен А. Юсуповты қабылду мәселесі талқыланып, жоғарыда есімдері аталған азаматтар бірауыздан қоғамдық кеңес мүшелігіне қабылданды. Олар енді өздерінің іс-тәжірбиелерін билік пен халық арасындағы қарым-қатынастың дұрыс дамуына жұмсайтын болады.

|