Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында бүгінгі күннің ең басты мәселесі ел бірлігіне баса назар аударды. «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады». Бүгінгі еліміздің жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет», – деген Елбасы тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тебуі керек. Бірлігі бекем ел ғана барлық қиындықтарды жеңеді. Біз бірлігі мен тірлігі жарасқан, тұрақтылығы қалыптасқан еңсесі биік, болашағы жарқын елміз. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Қазақ қашанда бауырмал, кең пейілді, дархан көңіл, қонақжай халық. Оның айғағы елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Тіпті кейбір ұлт өкілдері қазақша сөйлеп, қазақтың әнін әуелетіп салғанда қазақтың қара домалақ баласынан кем түспейді. Бұл біздің тілімізге, салт-сана, ділімізге көрсетілген үлкен құрметтің белгісі. Еліміздің Тәуелсіздік жолындағы жеткен жетістіктері мен асқан асуларына еліміздегі өмір сүруші барша ұлт өкілдері біркісідей үлес қосты. Себебі, осындағы барлық ұлттардың татулық пен келісімде өмір сүруінің арқасында баршамыз алаңсыз өмір сүріп, білім алып, еңбек етудеміз. Осы тұрғыда қазақ халқы Ассамблеясының еңбегі орасан зор. Барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, еліміздегі тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына үлес қосып келеді. Бірлігі бекем елдің қашан да тірлігі бекем.
Татулықтың тал бесігінде тербелген еліміз өркендеп, қанатын кеңге жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін. Дана халқымыз «Бірлік болмай, тірлік болмайды» - деген ұлағатты сөз бар. Сондықтан да татулығы мен тұтастығы, бірлігі мен тірлігі жарасқан еліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
|