БАСТЫ

 
 
 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Чапаев ауылдық округінің әкімі Б.Жумабаевтың қатысуымен және жергілікті қоғамдастықтың мүшелерімен жиналыс өтті 12.12.2016

 

2016 жылдың 7 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауылдық кітапханада сағат 15.00-де Чапаев ауылдық округінің әкімі Б.Жумабаевтың қатысуымен және жергілікті қоғамдастықтың мүшелерімен жиналыс өтті. Бұл жиналысқа жергілікті қоғамдастықтың мүшелері, Ардагерлер кеңесі, Әйелдер кеңесі, округіміздің тұрғындары қатысты. Жиналысты округ әкімі ашып, келе жатқан Тәуелсізідігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, осы жылы атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті, атап айтқанда Елбасымыздың сындарлы саясатының аясында №10 ОМ жасалған күрделі жұмыстар мен 4 ауысымдықты жою мақсатында жаңадан 900 орындық мектептің құрылысы басталып жаңа оқу жылында тапсырылатындығын, сондай-ақ округтегі Гагарин, Атамекен, Абай, Мир көшелерінде атқарылып жатқан жарықтандыру жұмыстары, апатты ағаштарды кесу жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығы туралы айтты.
Сөз кезегі жергілікті қоғамдастықтың төрағасына беріліп, жергілікті қоғамдастықтың жұмыстарының нәтижелері мен олардың алдында тұрған мәселелерді шешу барысында ат салысатындықтары туралы айтып өтті. Жиналысты округ әкімі Б.Жумабаев қорытындылап, тұрғындарды округтің тыныс-тіршілігіне белсене ат салысуларын сұрады. Жиналыс соңында округ тұрғындары өз сауалдарына қанағаттанарлық жауаптарын алып, бүгінгі таңда атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп алғыстарын айтып, көтеріңкі көңіл – күйде тарқасты.