ЖАСТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ -МЕКТЕП ПАРТАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
«Елбасының жас жеткіншектердің мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табатын акцияның мақсаты – тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтып, сабаққа баруын қамтамасыз ету.
Осы мақсатта біздің мектепте де «Мектепке жол» атты акция өткізілді. «Жас келсе іске», - деген дана халқымыз. Іс- шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған кеше ғана ауылымызға келген ауыл әкімі Жұмабаев Бауыржан Ақжолұлының қолдауымен ауылымыздағы демеушілерімізді ұйымдастырып, қолдау көрсеткен әйелдер кеңесінің төрағасы - Шотамбаева Зухра Әділқызы және КСК нің – «жас» төрайымы - Өмірғазиева Зағипа Мыңжасарқызы, кәсіпкерлер қоғамының төрайымы - Бондаренко Татьяна Анатольевна, «Чапай іле»тұтынушылар қоғамының төрайымы - Түркібаева Сәуле Қасымқызы, әлеуметтік қызметкер - Байымбетова Айман Төлепбердіқызы аталмыш шараға қатысып, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Ауыл әкімінің орынбасары - Сакипова Гүлжан Рамазанқызы ұстаздарды, оқушыларды балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады. Демеушілеріміздің қолдауымен 60 балаға алынған 180 мыңның оқу құрал жабдықтары оқушыларымызға табыс етілді. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндерімізге оқу құрал жабдықтарына қоса, дәптер, қалам мен аспалы сөмкелерді сыйға тартқанда бала қуанышында шек болмады.
Мұндай үлкен іс-шараны ұйымдастырушыларға ата-аналар атынан М. Көшербаева сөз алып, игілікті істеріңіз өздеріңізге игілігімен оралсын, жасаған жомарттықтарыңыз сіздерді қуанышқа бөлесін деген ізгі ниетін білдірді.
Ұстаздар да оқушыларымызға жаңа оқу жылында үздік оқуымен, үлгілі тәртібімен отбасы мен мектебін қуантсын дегіміз келеді. Ата- аналарға балаларының қызығын көріп, Отанымыздың жақсы азаматтарын тәрбиелеп қуанышқа бөленіңіздер, ал құрметті қонақтарға келген қадамдарыңызға нұр жаусын деген ізгі тілек білдіре отырып, балаларға жүрегінің жылуын сыйлап, қол ұшын беруге ықылас білдірген адамдар ауылымызда аз емес екенін айтып өтсек артық болмас.
(Орналасқан мерзімі: 13.09.2013)