Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ САҚТАЛМАҚ 16.05.2016
        
      Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеудің идеялық мазмұны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ерекше мәнге ие болмақ. Екі мерекенің мәні: қоғамның бірігуі мен адамзаттық құндылықтарды қадірлеуге жол ашады. Осыған орай «№34 орта мектебі» МКМ-де «Патриот» айлығы жарияланып, 6 мамыр күні барлық сыныпты Бірыңғай патриотизм сабағы өткізілді. Ондағы мақсат оқушыларға ата-бабаларымыздың ерлік пен бірлік жолындағы күресін көрсете отырып, патриоттық тәрбие беру. Бастауыш сыныптармен өткен «Желбіре, Отанның Жеңіс туы!», «Ел мен ердің жеңісі», «Отан үшін от кешкендер» сабақтары 5-10 сыныптардағы «Ұлы Жеңіс жасасын!», «Ер есімі - ел есінде», «Желбіре, Жеңіс жалауы!», «Отан үшін от кешкендер» атты тәрбие сағаттары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, Бірыңғай патриотизм сабақтарына жаңа технология, ақпарат құралдары арқылы ерекше әдіс-тәсілдерімен өткізілді. Болашақ ұрпақ бабалар рухына бас ие отырып, Тәуелсіздігіміздің тұғырын тереңінен бекітіп, ел егемендігіне атсалысады деген ойдамыз.