БАСТЫ

 
 
 

ҰЛТТЫҚ ЖОБА, ЖАҢА БЕЛЕСТЕР

21.08.2017

    

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетiлген нақты мақсаттар мен мiндеттердiң жүзеге асырылып жатқанына төрт айға жуық уақыт өттi.
Елбасының өзi «Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгiнгi күн мен жарқын болашақтың көкжиектерiн үйлесiмдi сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы» деп баға бергенiндей, аса зор саяси мән-мағынаға ие бұл жарияланым тәуелсiз елдiң кемел келешегiн көздеген маңызды құжат ретiнде кең қолдауға ие болып отыр.
Жаңа тұрпаттағы жаңғыртудың ең басты шарттарын ел iшiнде жан-жақты насихаттап, жұртшылық санасына сiңiрудiң түрлi жолдары қарастырылған. Атап айтқанда, Елбасының рухани жаңғыру жөнiнде алға қойған мiндеттерiн жүзеге асыру мақсатында Алматы облысы әкiмiнің орынбасары Ж.Омар облыс көлеміндегі 14 аудан әкімдерінің орынбасарларымен бейнеконференция өткізді. Оған аудандық үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері, ауылдық округ әкімшілігі аппаратының жауапты мамандары қатысты.
Осы бейнеконференцияда рухани жаңғыру жолындағы бірқатар тың тақырыптарда сөз қозғалып, үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері өзара өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Онда Елбасының елімізде бейбітшілікті сақтап қалуды қозғауы және бұқаралық сананы өзгерту тұралы ұсыныс білдіруі өте маңызды. Басты мақсат жаңа шындық жағдайында мықты және жауапты адамдардан тұратын біртұтас ұлт болуы туралы әңгіме болды.
Қорыта айтқанда, Елбасы мақаласындағы рухани жаңғыру жөнiнде айтылған мәселелердiң барлығын назарда ұстап, жүзеге асыру өңiрлiк жобалық кеңсе қызметкерлерiнiң маңызды мiндетi болып саналады.