БАСТЫ > 

 
 
РУХТЫ ЖАСТАР ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ 10.11.2017

                    

Энергетикалық ауылдық округі әкім аппаратының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 25 қазан күні сағат 10.00-де Өтеген батыр кентіндегі №38 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Рухани жаңғыру – біз рухты жастар терроризмге қарсымыз» атты округтік КТК Жайдарман сайысы өтті. КТК Жайдарман сайысына Алматы колледжі «Абайдың балалары» көңілді тапқырлар командасы, Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта мектептің «КНБ» құрама командасы, Экономика және құқық колледжі «КЭПтің ерке қыздары» көңілді тапқырлар командасы қатысты. 1-орынға Мұқағали Мақатаев атындағы №13 орта мектептің «КНБ» құрама командасы, 2-орынға Алматы колледжі «Абайдың балалары» көңілді тапқырлар командасы, 3-орынға Экономика және құқық колледжі «КЭПтің ерке қыздары» көңілді тапқырлар командасы ие болды. Жеңімпаздарды жеңістерімен Энергетикалық ауылдық округінің әкімі Закиржанов Садыр Турсынжанұлы құттықтап, марапаттады.