Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ 14.03.2016

«СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ 8-800-080-28-95»

Азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсетуге арналған.
Хабарласыңыздар, егер:
- Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса;
- Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;
- Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе;
- Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысуды ұсынған болса;
- Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса;
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшыраған болса;
- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса.
-Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз терроризм актісі қауіп-қатерді туғызатын жағдайды білген болса.
Біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызға жауап береміз және көмек көрсетеміз!
Жұмыс уақыты: сағат 9.00-18.00-ге дейін қоңыраулар Алматы облысы бойынша кез-келген нүктесінен тегін қабылданады, ал тәулік бойы республикалық «ҚАУЫРТ ЖЕЛІ - 114» телефонына хабарласуға болады.