БАСТЫ > 

 
 
ТАРИХИ ӨРЛЕУ – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ 25.07.2018

      

 

 

Денсаулық – зор байлық. Денсаулықтың құндылығынан асқан қымбат нәрсе жоқ. Елбасымыз қашанда медицина саласына көп көңіл бөлетін. Соның арқасында көп емханаларда түрлі аурулардың алдын алатын технологиялар пайда болды. Кез келген білім, дамудың арқасында оң нәтиже береді. Оған дәлел, Елбасымыздың үстіміздегі жылғы Жолдауы. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі алдына нақты міндеттер қойды.

Міндеттерді орындау барысында «Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінде 200 төсек-орындық көпсалалық тәуліктік стационар бар. Ол 1 қабылдау бөлімінен және 7 салалық клиникалық бөлімшелерінен жасақталды: хирургия бөлімшесі – 55 төсекке, травматология, неврология және нейрохирургия бөлімшесі – 70, соматика және онкогематология бөлімшесі — 55, жетілмеген және жаңа туған балалар патологиясы бөлімшесі – 20, анестезиология, жан сақтау және қарқынды терапия бөлімшесі – 9 төсекке есептелген. Сондай-ақ, стационар жанында 10 төсекке шақталған күндізгі стационар қызмет көрсетеді. Күніне 150 емделушіні қабылдайды. Барлық эндокринолог, гематолог, нефролог, кардиолог, невропатолог, уролог, отоларинголог, пульмонолог, офтальмолог, дерматолог, гастроэнтеролог салалары бойынша мамандар бар. Қосымша: зертхана, эндоскопия кабинеті, сәулелік диагностика бөлімшесі, физиотерапия бөлімшесі, компьютерлік томография, ЭЭГ, УДЗ, ЭКГ клиникалық-диагностикалық бөлімшелері ел игілігіне қызмет етуде.

 

 

 

 

 

 

Амбулаторлық-емханалық жәрдем бойынша дәрігерлердің қабылдауында 2017 жылы 14169 бала қаралған. 2017 жылдың 12 айында біздің клиниканың мамандары тарапынан Алматы облысының балаларына санитарлық авиация желісінде жерде жүретін көлікпен кеңес беріліп, 268 рет көмек көрсетілді, 26 тікұшақ, ұшақ арқылы көмек көрсетілді.

Біздің клиникамыздың 2015-2017 жылдардағы жеткен жетістіктері: жаңа туған және ересек жастағы балалардағы хирургиялық ауруларды инновациялық технологияларды пайдалану арқылы емдеудің инвазивті әдістері енгізілді. 3 жылға аккредитациядан өткендігі туралы сертификат алынды. «2015 жылғы Үздік облыстық аурухана» аталымы бойынша сертификатқа ие болды. 2017 жылы маусым айында Оңтүстік Корея мамандарының қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді.

Одан кейін балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру үшін біздің клиникамызда жаңаша идеядан туындаған іс-шаралар жүзеге асырылып тұрады. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау саласы қымбат стационарлық емге емес, аурулардың алдын алуға бағытталуы тиіс екенін айтты. Қазіргі күні, Қазақстанның жұлдызы жарқырап, әлемдік саясаттағы орны уақыт өткен сайын артып келе жатқандығының айғағы – 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуі. «Қазақстан – 2050» даму стратегиясын қабылдаған Қазақстан мемлекеті әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіруді алдына мақсат етіп отыр. Біз, еліміздің денсаулығына әсіресе болашақ ұрпақтың денсаулығына ерекше назар аударып, жанашыры ретінде бұл тарихи бастаманы қолдаймыз және жүзеге асырылатындығына кәміл сенеміз. Қазақ елінің қол жеткізген табыстары – әлемнің түкпір-түкпірінде мекендеген қазақ жұртшылығының мақтанышы.

 

 

 

 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Біз жаңа заманға сай болу үшін төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек» деген сөзі – ұлттық бірлік пен ынтымақтастықтың, біртұтастық пен бірегейліктің дәлелі.

 

Р. НҰРБАЕВ,

«Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры