Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
ЖОЛЫҢЫЗ БОЛУ ҮШІН ТӘРТІП ҚАЖЕТ 23.05.2016
        
  Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен өзара бірлесіп республикалық «Жолда қабылдау» акциясына аудандық партия филиалының қызметкерлері, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, жергілікті БАҚ өкілдері мен аудандық Жол полициясы патрулінің полиция сержанттары М.А. Уалиев және А.Е. Құдайбергенов қатысты. Акция Өтеген батыр кенті - Жетіген автокөлік жолының бойында өткізілді.
Акция барысында аудан тұрғындары, көлік жүргізушілерді жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтарға, құқық қорғау органдарының және өзге мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ, әкімшілік полициясы мен жол полициясы патрулінің қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында және ҚР «Жол қозғалысы туралы» Заңына толықтырулар мен өзгертулер енгізілгені жөнінде, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, партия мен тұрғындар арасындағы қарым-қатынасты нығайту және сенімділікті қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Көлік жүргізушілердің көпшілігі Өтеген батыр кенті Байсерке автожолының бойындағы жаңа көпір құрылысының айналма жолының толассыз жауған жаңбырдың салдарынан бұзылып кеткендігін айтып, атаулы көпірдің тезірек халық игілігіне берілуін өтіне сұрады. Дегенмен де, көлік жүргізушілер жолда жүру ережесін қатаң сақтап, абай болғандары жөн.