2018 жылдың 31 қаңтар күні КазЦИК ауылдық округінде №6 Әнуар Молдабеков атындағы орта мектебінің акт залында аудан әкімінің және КазЦИК ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы атқарған жұмыстары және 2018 жылға арналған міндеттері туралы аудан тұрғындары алдындағы есебі өтті.
Есепті жиынға Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Р. Алпысбаев қатысты.
Алғашқы болып сөз алған округ әкімі А. Жақсыбаев округтің жеткен жетістіктерімен жіпке тізгендей айтып өтті. Екінші есепті аудан әкімі Қ.Медеуов баяндады. Ол ауданымыздың өткен 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуы мен атқарылған жұмыстармен қоса, ағымдағы жылы алға қойған негізгі міндеттер туралы баяндады. Аудан әкімі барлық елді мекендердегі есеп беру жиналыстарында тұрғындардан түскен сұрақтар, ұсыныс-пікірлердің және мемлекеттік, өңірлік бағдарламалардың сапалы, уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді. Аудан тұрғындары табысты атқарылған жұмыстар мен алда атқарылатын міндеттерге оң бағаларын беріп, аудан әкімінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесуде тұрғындар тарапынан ауылішілік жолдардың және округті қоршап тұрған саяжайлардың ішкі жолдарының жөнделуін сұрады. Барлық қойылған сұрақтарға аудан әкімі өзі жауап берді. Жарыссөзге шыққан ауыл тұрғындары Б.Топаркеліні, М.Мәсімақынов, «Бау-бақша» серіктестігі тұтыну кооперативінің төрайымы А. Хмельцова, КазЦИК ауылының тұрғыны Ж.Асқарова мен Р. Елекеновалар бірауыздан аудан және округ әкімінің жылдық есебіне «қанағаттанарлық» деген баға берді.

|