Басты  - ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ
 

 
 
 
КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ 13.06.2016
   
       Білімнің қайнар бұлағы - кітап. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітап - адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол - адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Тұңғыш қазақша кітаптар 1800 жылы шығарыла бастады. Жалпы кітап жайлы көп айтуға болады.
Кітаптың баға жетпес байлық екенін өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында №З орта мектебінің 5, 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап - жан азығы» атты сыныптан тыс тәрбие сағаты өтті. Аталмыш тәрбие сағатын ұйымдастыршуы кітапхана меңгерушісі Н.Каршалова.
Басты мақсаты оқушыларға адам өміріндегі кітаптың маңызын түсіндіру, оқушыларды әдеби кітапқа кұштарлығын арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға, оны құрметтеуге үйрете отырып рухани тәрбие беру.
Іс-шараға мекеме басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Д.Искакова және мұғалімдер қатысты. Кешті әрі қарай сыныптың оқушылары дайындаған әдеби-монтажымен жалғасты.
«Білім көзі кітапта» екендігін әрдайым естен шығармайық. Тәрбие сағаты өте тартымды өтті. Соңы концерттік бағдарламаға ұласып кетті. Балалар мен ұстаздар суретке түсіп мәре-сәре болып тарқасты.