Жаз айлары – мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпе күтілетін кезең. Күнделікті сабақтар артта қалып, осы уақытты балғындар барынша қызықты әрі көңілді өткізуді армандайды. Жаз маусымы басталысымен балалар қауымының арманына арқау болатын жазғы демалыс сауықтыру алаңы есігін айқара ашты. Осындай жазғы демалыс сауықтыру алаңы мектеп жанынан ашылып, «Балдырған» сауықтыру алаңы деген атпен жұмыс жасай бастады. Сауықтыру алаңы балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыруға және денсаулықтарын нығайтуға бағытталды. Балалар үшін көңілді, әрі қызыққа толы болды. Түрлі тақырыптағы қызықты кештер, спорттық жарыстар мен викториналық ойындар, әртүрлі сайыстар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Жаз – 2016 аруы» атты сайыс өтті. Басты мақсаты – қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты тәрбиелік, эстетикалық білім беру, жан-жақты білімді, өерпаз ұрпақ тәрбиелеу оқушылардың аа тіліне, мәдениетіне деген қызығушылық сезімдері арттыру.
Сайысқа Толғанай Жаңғабыл, Толғанай Оразалы, Мерей Ерсұлтан, Ақназ Омар, Алсу Муетова, Диана Керимкулова, Нұрсұлу Хасан, Дана Мұрат, аяжан Ақатай сыды тоғыз ару қызымыз қатысып, бақтарын сынады. Әр сайыстың жеңімпазы болары сөзсіз. Осы сайыста бас жүлдені Диана Керимкулова қанжығасына байлады. Ал, І-орынды Мерей Ерсұлтан, ІІ-орынды Алсу Муетова, Ақназ Омар, ІІІ-орынды Дана Мұрат, Аяжан Акатай, Нұрсұлу Хасан иеленді.
Балаларға жаздың шуақты күндерін тиімді өткізуге жағдай жасалғанына ата-аналар риза болып, алғыстарын білдірді. «Балдырған» сауықтыру алаңындағы қызметкерлерінің бәрінің де еңбегі зор.
|