БАСТЫ > 

 
 
 
БЕДЕЛІ ЖОҒАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМ 04.11.2016

       

Елбасымыз Н.Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» партиясы Қазақстан Республикасындағы көшбасшы партия ғана емес, әлемдік деңгейдегі бағдары айқын және даму барысы дараланған шынайы демократиялық үдерістерге сай партия. Мемлекет басшысы дәстүрлі Жолдауларында да «Нұр Отан» партиясының жұмысына басымдық беріп, қоғам тынысындағы күрмеуі қиын мәселелерге партияның араласуына жол ашып келеді. Соның негізінде «Нұр Отан» партиясына қарасты филиалдардың жұмысы жанданып, партияның Саяси кеңесі мен Бюро мүшелерінің жүйелі жұмыстарының арқасында тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері оңтайлы шешілуде.

Еліміз егемендік алып, еңсесін тіктегеннен кейінгі мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулардың нәтижесінде «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы да халықпен етене араласып, азаматтардың талап-тілектерін, шағымдары мен мұң-мұқтаждарын дер кезінде ескеріп, көптеген мәселелердің түйінін тарқатып, көкейдегі сауалдарға қашанда орынды ой, орнықты жауап қайтара алатын дәрежеде.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы қоғам дерті сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларын да ұйымдастырып, жемқорлықтың алдын алу жұмыстарын жүргізіп келеді. Арыз-шағымдарды қарауда құқықтық теңсіздік пен ел ынтымағына, халық бірлігіне селкеу түсіретін жайттардан аулақ болып, әділдікті ту еткен аудандық филиалы тағдыр тауқыметін тартқан азаматтардың өміріне араласып, заң аясында кеңестер беріп, партия беделін асқақтата түсті.

Осынау биік белестен халық жанашыры болып қолын созған партияның 2015-2016 жылғы атқарған жұмыстарында ерен еңбекпен тынымсыз тіршіліктің нәтижесі деп білемін.

Құрметті нұротандықтар сіздердің еңбектеріңізге табыс, бойларыңызға қажымас қайрат тілеймін.

 

Қ. МЕДЕУОВ, аудан әкімі