«Нұр Отан» - Ел Президентінің партиясы, «Қазақстан - 2017 мақсаттары, ұлттық іс-қимыл жоспарын», партияның Саяси Доктринасын және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын басшылыққа ала отырып халықтың әл-ауқатын, қоғамның және еліміздің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатында жұмыстар атқаруда. Қазіргі таңда халықтың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін, рухани дамуына негізделген 9 партиялық жоба жүзеге асырылып, кешенді шаралар ұйымдастырылуда.
Атап айтсақ, «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларын мектепке дайындау мақсатында қайырымдылық шарасы өткізілді. Округ әкімі, «Чапаев» бастауыш партия ұйымының төрағасы Б.Жұмабаев округ демеушілерін, нұротандықтарды ұйымдастырып, оқушылардың өз қажеттіліктеріне қарай барлығы 40 балаға мектеп және спорт формаларын, аяқ киімдер, күздік курткалар, мектеп сөмкелері мен құрал-жабдықтарын алып берді. Осындай игі іске өз үлестерін қосқан облыстық мәслихат депутаты У.Касанов, аудандық мәслихат депутаты М.Кошалко, «Алель Агро» АҚ басшысы Р.Жатакбаева, «Сары-Бұлақ» ЖШС-ң басшысы Ж.Смаилов, «Алатау-Құс» ЖШС-ң басшысы Е.Тойбаев сынды азаматтарға, округтегі мекеме басшылары мен ауыл кәсіпкерлеріне алғысымыз шексіз.
Ұлтымыздың бүгіні де, болашағы да болатын балаларды білімді, жан-жақты жетілген тұлға ретінде тәрбиелеуді қоғамдағы өзгерістер қажет етеді. Сол себепті болашағымыздың жарқын болуы үшін қазірден бастап саналы азаматтарды тәрбиелеуге үлес қосу - парызымыз.
Елімізді көркейтетін, дамытатын саналы азаматтарды тәрбиелеп мектеп қабырғасында білім алуына қол ұшын соза білу - қайырымы мен қайтарымы мол абзал іс.
«Чапаев» БПҰ-ы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтауға, қоғамдағы ынтымақтастық, отаншылдық, дәстүр мен үлкенді сыйлау сезімін нығайтуға бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Қарттар күні» мерекесінде округте тұрып жатқан тыл еңбекшілері, жалғыз басты қарт адамдарға арнап мерекелік іс-шара өткізіліп, ардагерлеріміз округ өнерпаздарының концертін тамашалады. Ата-апаларымыз ән айтып, би билеп, көңіл көтерді. Ауыл қарттары көрсетілген сый-құрметке алғыстарын білдіріп, риза болып қайтты. Қазыналы қарттарым, аман-сау жүре беріңіздер!

|