БАСТЫ

 
 
 

КЕЛІСІМ КЕЛТЕ БОЛМАЙДЫ

10.08.2017

    

1 тамыз күні Өтеген батыр кентіндегі №24 лицейде «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі діни бірлестік өкілдерінің жиналысын өткізді. Аталмыш шараға аудандық ішкі саясат мамандары, діни бірлестік жетекшілері, дін істері басқармасының қызметкерлері қатысты.
Жиналыс барысында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтастық, рухани келісімді нығайту, сондай-ақ қайырымдылық қызметінің мәселелерін талқылады.
Қазіргі таңдағы облыстың діни ахуалы туралы баяндама жасалынып, діни бірлестік өкілдеріне басқарма тарапынан ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес көрсетілетін мемлекет қызметтер туралы ақпарат берілді.
Шара соңында дін істері басқармасы тарапынан өңірде ұлтаралық қатынасты нығайтып, тағаттылық мәдениет пен діндер диалогын дамыту мақсатында жергілікті діни бірлестік басшылары өзара пікір алмасып, естелік суретке түсті.