«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы мен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» басқармасы арасындағы меморандумға сәйкес Өтеген батыр кентіндегі №13 орта мектептің мәжіліс залында «Білім саласындағы тұтынушылар құқығын қорғау» және «Ұлттық банктің теңге бағамын еркін бәсекелестік кеңстігіне бағыттау»тақырыбында аудандық мәслихат депутаттары, партияның белсенді мүшелері, мектеп директорлары мен балабақшалар меңгерушілерінің және «Жас Отан»ЖҚ мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Жиынды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р. Абилова жүргізіп, қазіргі таңда басты мәселе болып тұрған «Қаржы дағдарысына» тоқталып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы басшысының орынбасары Б.Әбеуова «Білім саласындағы тұтынушылардың құқығын қорғау» тақырыбында, аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Молдағұлова «Білім саласына бөлінген қаржы туралы» баяндама оқыды.
Жиын барысында мектеп асханаларындағы жаппай уланудың алдын алу үшін мектеп асханалары санитарлық талаптарға сай жасақталуы керектігін, ол үшін мектеп асханаларын тағаммен қамтамасыз етуші кәсіпкерлер бекітілген нормалар бойынша дұрыс жұмыс жасауы қажеттігін атап көрсетті. Аудан мектептерінде орын алатын жаппай уланудың биылғы жылы кездеспегенін де тілге тиек етті.
Кездесуде Роза Абилова жиналғандарға мектеп қабырғасындағы мектеп директорынан бастап еден жуушылардың құқығын қорғау туралы өз пікірін білдіріп, нақты тапсырмада берді. Аудандық мектепте тұтынушылар құқығы туралы көптеген жауапсыз қалатын сұрақтар туралы өрбіді. Оқушыларды отырғызуға парталардың жетпіспеушілігі немесе мұғалімнің арнайы кабинетінің жоқтығы туралы ашық айтылды. Мектепке керек-жарақтарға қатысты да үлкен мәселе қозғалды. Тендерден ұтып алған компания мектептің сұранысына сай емес заттармен қамтамасыз ететін көрінеді. Осы мәселе бойынша мамандар мектеп директорларына қыркүйек айының орта шеніне дейін пәрменді түрде арнайы аудан әкімі мен аудандық мәслихатқа жазбаша түрде өтініш жазуын тапсырды. Өтініште міндетті түрде мектептің кеңсе тауарларына немесе еден жууға арналған керектілеріне қанша қаржы бөлу туралы да анық жазылуын өтінді.
.jpg) .jpg) .jpg)
|