БАСТЫ

 
 
 

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАЙЫҚ

04.05.2017

 

Алматы облысы «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы Іле ауданына келген іс-сапары барысында Алматы облысы әкім аппараты мен аудан әкімі Қ.Медеуовтың тапсырмасына сәйкес «Ағаш отырғызу ұрпаққа аманат» атты бірлескен акциясына қатысып, Өтеген батыр кентіндегі орталық саябаққа «Нұр Отан» партиясы атынан ағаштар отырғызды. Аталмыш шараға сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Тұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Р.Абилова қатысты.
Бекітілген жоспарға сәйкес, іс-шараның өткізілуі және ұйымдастырылуы жөнінде мекеме ұжым, кәсіпорын басшыларымен, жергілікті жердегі қоғамдастық мүшелерімен және ауыл ақсақалдарымен жиын өткізіліп, барлық елді мекендегі ауыл тұрғындарына хабарландыру жұмыстары жүргізілді.
Акция аясында атқарылатын іс-шаралар жөнінде жұмыс жоспары, ағаш отырғызу схемасы дайындалып, аудан көлеміндегі Ащыбұлақ, Междуреченск, Қарой, Чапаев, КазЦИК, Боралдай, Байсерке, Жетіген, Өтеген батыр кентінде округ әкімшілігі, мектептер, кәсіпкерлер мен ауыл ақсақалдары, әйелдер кеңесі, жергілікті қауымдастық мүшелері барлығы жұмыла қарағай, туя, қарағаш, шырша ағаштарын отырғызды.
Игілікті шараның мақсаты - туған жердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға әр азаматтың өз үлесін қосу. Елімізді көгалдандырумен абаттандыру арқылы «Жас Отан» жастар қанатынан, оқушылардан, ауыл тұрғындарынан еңбек жасақтарын құрып, аудан орталығы мен ауыл ішін көгалдандырып, «Жасыл ел» ұранымен пайдалы іс атқару.
Аудан көлеміндегі барлық елді мекендердің орталық көшелері күл-қоқыстан тазартылды. Ал, санитарлық тазалық жұмыстары әр сәрсенбі күні «таза сәрсенбі» және әр апта сайын сенбілік күндері жалғасын табатын болады.