«Нұр Отан» партиясы қазіргі кезде еліміздегі болып жатқан саяси науқанға белсене араласып, Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыруда жемісті жұмыс істеп келе жатқаны аян. «Нұр Отанның» әр аймақтағы филиалының жұмысы еліміздегі ең үлкен көшбасшы ұйымның жұмысының айнасы. Сондықтан партияның тұғырлы болуы үшін жұмылып, жұдырық болу маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыру аясында біздің ауданымыздағы «Нұр Отан» партиясы, Іле аудандық филиалы бірнеше жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың қатарындағы «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ», «Жастар - Отанға!», «Сәтті қадам», «Жемқорлықсыз ел - гүлденген ел», «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары жыл басында бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылып келеді.
Атап айтсақ, желілік кестеге сәйкес, партия филиалының мәжіліс залында, «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында қарттардың өмір сүру деңгейін жақсарту туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Басты мақсаты -ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ, патриотизм, ардагерлерге, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту болып табылады. Аудандық ардагерлер ұйымының төрағасының орынбасары, партия ардагері Ж. Серьянов төрағалық еткен дөңгелек үстел барысында жұмыс тобының мүшелері: бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына, аудандық мәслихат депутаттарына, мемлекеттік мекеме басшыларына, «Жас Отан» ЖҚ мүшелеріне аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е. Тұрымбетов бекіткен іс-шараларға түсініктеме беріп, ауданымызда тұратын ардагерлердің өмір сүру деңгейінің жақсартуға мақсатталған бірқатар іс-шараларды қолға алып, ардагерлерге деген ілтипаттарын жоғарғы деңгейде ұйымдастырып өткізуді талап етті.
|