Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астына тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ержүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Осы Ұлылардың жалғасы ретінде Қазақ халқының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назербаевты айтар едік.
Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен Ел Президентін сайлады. Ресейдің байтақ бір өлкесін билеп, халқының құрметіне бөленіп отырған қандасымыз Аман Төлеевтің айтқаны да айрықша көңіл бөлерлік. Ол: «Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, әріден ойлайтын саясаткер. Ол жігерлі әрі айбарлы адам. Мен оның көрегендігін ұнатамын. Ол шебер шахматшы секілді, бәрін де алдын ала есептеп, нағыз жүрістерді таңдай алады», – деп әділ бағасын берген.
Президентіміз Қазақстан Елордасын Астанаға көшірді. Біздің қазіргі Елордамыз туралы үлкен мақтанышпен айта аламыз. Астана мәдениеті мен экономикалық жағынан дамыған, білім мен ғылымның орталығына айналған өте әдемі үлкен қала. Өзінің әсем сәулет өнер үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени ескерткіштері-мен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. Мұнда тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде «Ақорда», «Бәйтерек», «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Думан» орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан.
Әсем қаламыз – Астананың жылдан-жылға жаңарып, көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор. 1998 жыл «Халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды. Президентіміздің тапсырысымен көптеген Қазақ азаматтары өзінің ата-бабаларының тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ Қазақ еліне келіп, өмір сүрулеріне мүмкіндік алды. Мәдениет – әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы. Жаңа ХХІ ғасырға қадам басқан шақта Қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін басқа елдерге таныту игіліктің басы. Елбасы Н.Назарбаев сол туралы «Біз – талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз. Ата-дәстүрін, ана – тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. Халық өнері – қазына. Біз сол өнерді жалғастырушыларымыз» – деп, барлық елді мәдениетті қолдап, атадан қалған қазынаны ұмытпауға үндеді және оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады. Жайнай бер Астана, көркейе бер Қазақ елі!
|