Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ішкі саясат бөлімінің және жастар орталығының ұйымдастырылуымен ҚазЦИК ауылындағы №6 орта мектепті ғимаратында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу шаралары бойынша «Таблиғи жамағат» атты семинар өтті.
Атаулы семинарға ІІБ қызметкерлері, ҚазЦИК ауылдық округі әкімдігінің мамандары, аудандық жастар орталығының мамандары, ішкі саясат мамандары, әскери бөлім қызметкерлері, дінтану пәнінің мұғалімдері, жергілікті діни бірлестік жетекшілері, қоғамдық ұйым төрағалары, округ тұрғындары, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің саясаттанушысы, дінтанушы-профессор Бейсенов Бағдат Қабылдаұлы дәстүрден тыс діни ағымдардың алып келетін қасіреті туралы айтып өтті. Алматы - Астана епархиясының Пайғамбар Илья шіркеуінің жетекшісі – Александр әкей Қазақстан азаматтарын, әсіресе жастардың діни сауаттылығын көтеру мәселесіне тоқталып өтті. Сонымен қатар жиында облыстық және аудандық АНТ мүшесі, аудандық Ұлттық Қауіпсіздік комитет қызметкерлері, аудан прокуратурасының қызметкерлері өз баяндамасында діни экстремизм мен терроризмнің алдың алу әрбір азамат үшін, қоғам тыныштығы үшін табанды түрде қарсы тұруы тиіс деп айтып өтті. Қазақ халқы ертеден-ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың? - Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын», - деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «Алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса, төбедегі келер» деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін біркісідей атсалысайық. Бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын!
|