ДЕРЕКТЕР МЕН ДӘЙЕКТЕР
«Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының құрамында 2015 жылдың есебі бойынша 13 бастауыш партия ұйымы, 152 партия топтарындағы партия мүшелерінің саны 11095 адамды құрады. Соның ішінде 428 адам партия қатарынан шығарылып, 387 адам партия қатарына қабылданды.
2016 жылдың 10 айында аудандық партия филиалының құрамында 13 бастауыш партия ұйымы, 154 партия топтары бар. Бастауыш партия ұйымдарының қатарында 11603 партия мүшесі бар.
2016 жылдың 10 ай ішінде 1860 адам партия қатарына қабылданып, 1347 адам партия қатарынан шығарылды. Партия мүшелерінің саны 2015 жылмен салыстырғанда 508 адамға өсіп отыр.
2015 жылы аудандық партия филиалында 2 Конференция, 1 Саяси кеңес, 8 Саяси кеңес Бюросы, 12 депутаттық фракцияның, 4 партиялық бақылау комиссиясының, 12 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің, 12 сараптама тобының отырыстары өткізілсе, 2016 жылдың 10 айында аудандық партия филиалында 1 Конференция, 1 Саяси кеңес, 1 партиялық актив, 7 Саяси кеңес Бюросы, 4 депутаттық фракцияның, 3 партиялық бақылау комиссиясының, 3 сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің отырыстары өткізілді.
Партиялық жобалар:
1. Ардагерлерді ардақтайық.
2. Кедергісіз келешек.
3. Бақытты балалық шақ.
4. Ұлы дала елі.
5. Сәтті қадам.
6. Жастар - Отанға!
7. Сыбайлас жемқорлық жоқел - өркендеуші ел.
8. Айқын тариф.
9. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту.
Қоғамдық қабылдау
2016 жылдың 10 айы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесіне 189 өтініштер келіп түсті, оның өтініші 22 жазбаша, 156 ауызша, 11 телефон арқылы түскен.
Ағымдағы жылдың 10 айында аудан бойынша 110 қабылдау өткен. Аудандық филиал төрағасы Қ.Медеуов 3 қабылдау өткізіп, 10 азамат қабылдаса, әкім орынбасарлары 9 қабылдау өткізіп, 21 адамның мұң-мұқтажын тыңдады.
Мемлекеттік мекеме басшылары 60 қабылдау өткізіп, 114 адам, құқық қорғау саласының қызметкерлері 9 қабылдау өткізіп, 22 адам қабылдады. Аудандық мәслихат депутаттары 28 қабылдау өткізіп, 38 адам қабылдады.
Аудан бойынша түскен 110 өтініштің 47-і, оңтайлы шешіліп отыр.
Аудандық партиялық бақылау комиссиясының жұмысы
2015 жылы 4 отырысы өткізілсе, 2016 жылдың 10 айында 3 отырысы өткізілді. 2016 жылы партиялық бақылау комиссиясының отырыстарында Партияның бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру барысында партиялық тәртіпті сақтау және партиялық мүшелік жарнаның уақытылы жиналуын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар жайлы «Боралдай» БПҰ төрағасы М.Салимбаевтың, «Энергетик» БПҰ төрағасы Н.Көкімнің , «Денсауық» БПҰ төрағасы Р.Нұрбаевтың, «Казпошта» БПҰ төрағасы Г.Қондыбаеваның, «Байсерке» БПҰ төрағасы С.Ерекешевтің, «Күрті» БПҰ-төрағасы Д.Өгізбаевтың есептері тыңдалды. Комиссия мүшелері «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаражатқа салынып жатқан 600 орындық 2 мектеп құрылысы, Алматы-Қапшағай көлік жолы құрылысына комиссиямен бірге рейд ұйымдастырып, құзырлы органдарға құрылыстың сапалы, кестеге сай жүргізілуі, қаражат бөлуді кешіктірмеу мәселесі бойынша аудандық құрылыс бөліміне ұсыныстар берді. Комиссия мүшелері БПҰ-дағы партиялық бөлмелердің жаңа үлгіде безендірілуі, құжаттардың ресімделуі бойынша тексеру жұмыстарын ұйымдастырды. Партиялық бақылау комиссиясының партиялық тәртіпті, жауапкершілікті күшейту мақсатында БПҰ партия мүшелері арасында 1 семинар, 1-дөңгелек үстел өткізіліп, газет бетінде 3 мақала, әлеуметтік желіде 7 мақала жарық көрді.
|