Басты  - АЗАТТЫҒЫМЫЗДЫҢ ТІРЕГІ
 

 
 
 
АЗАТТЫҒЫМЫЗДЫҢ ТІРЕГІ 01.09.2015
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында «ҚР Конституция күні» мерекесіне арналған «Ата Заңым - айбыным» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Оған аудандық мәслихат депутаттары, прокуратура қызметкерлері, Бюро мүшелері, штаттан тыс кеңесшілер, «Денсаулық» бастауыш партия белсенді мүшелері, Кеңес мүшелері, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелері мен аудан жастары қатысты.
Дөңгелек үстелде сөз алған Іле аудандық прокурорының аға көмекшісі Мұстафин Ерлан Амангелдіұлы «Конституция - Ата Заң» атты тақырыпта баяндама оқыды. Ол «Ата Заң еліміздің ең құнды құжаты. Елдігіміздің мөрі. Оны құрметтеу әр азаматтың асыл міндеті, адал борышы. Біз өскелең ұрпақтарымызға осыны алтын әріппен жазып, аманат қалдыруымыз қажет» - деді.
Осы жиында арнайы шақырылған аудандық ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Исаев Әмзе Әлдибекұлы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде: - «Ата Заңды бағалау және оны құрметтеу әр адамның өзінен бастау алады. Жасаған қадамдарына аса жауапкершілікпен қарау керек. Ешкімнің де ала жібін аттамаған адамның заңды құрметтегені деп ойлаймын», - деді.
Келесі баяндамаларды аудандық «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының хатшысы, партия белсендісі Ақжолтаева Гүлмира Есқалиқызы, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі, жас маман Дауталиев Ғани Сауытбекұлы жалғастырды.
Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Роза Абилова партия мүшелігіне жаңадан қабылданып жатқан азаматтарға партия билетін тапсырды.