ТУРИЗМ МЕН СПОРТ БӨЛІМІ ӨЗ ЕСЕБІН БЕРДІ
 
 
Өткен аптада Чапай ауылындағы Мәдениет үйінде аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Іле ауданында туризм индустриясының даму болашағы» интегралды-тәжірибелік конференция өтті. Оған округ әкімдерінің орынбасарлары, спорт жөніндегі мамандары, әдіскер-нұсқаушылар, ауданның мекеме, бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, этно-мәдени ұйым жетекшілері, аудан мектептерінің мұғалімдері, жастар қатысты. Бағдарлама бойынша конференцияны аудан әкімінің орынбасары Кушенов Ахметжан Рахымбайұлы ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Елбасының Алматы облысына 19-20 тамыз күндері жасаған іс-сапарындағы туризмді дамыту бойынша тапсырмалары мен алға қойған міндеттері, «Туристік ақпарат.оның ішінде туристік әлеует, туризм нысандары және туристік қызметті жузеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру» қаулысы бекітілгені туралы айтып өтті. Одан кейін мінберге «Іле ауданында туризмді дамыту жолдары» тақырыбында аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Әуелханұлы Ортыбаев баяндама жасады. Баяндамада Іле ауданында туризм саласын дамыту жұмыстары Қазақстан Республикасы туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы, Туризмді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық Мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ, ел Үкіметінің туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған салалық бағдарламасын басшылыққа ала отырып жүргізілетіндігі туралы, аудан аумағында жұмыс атқаратын туристік инфрақұрылымдар мен ұйымдар туралы айтып өтті. Жарыссөзді жалғастырғандар қатарында «Альпийская роза» жасөспірімдер туристік клубының құрылу тарихы және оның жұмыс бағыттары» тақырыбында «Альпийская роза» жасөспірімдер туристік клубының жетекшісі Константин Андреевич Сапронов, «Іле ауданының туризмін дамытуда ішкі резервтерді пайдалану» тақырыбында «НеоНомад» этнографиялық, экологиялық және мәдени орталығының басшысы Артықпаев Асылхан Абылғазыұлы, «Іле ауданының білім беру мекемелерінің экотуризмге қосқан үлесі» тақырыбында Іле ауданы Қоянқұс ауылы №1 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі Айман Амантайқызы Нұрмаханбетовалар өз баяндамаларын оқыды. Баяндамалардан кейін «Іле ауданында туризм индустриясының даму болашағы» тақырыбында өткізілген интегралды-тәжірибелік конференцияның жұмысының ұйымдастырылуына қосқан үлесі мен осы орайда көрсеткен кәсіби біліктіліктері үшін бірқатар азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Іс-шара «Іле ауданында туризм индустриясының даму болашағы» интегралды-тәжірбиелік конференцияна қатысушылардың аудан жастарына үндеуін қабылдаумен аяқталды.