БАСТЫ

 
 
 
«Тәуелсіз Қазақстан-Мәңгілік Ел» тақырыбында өткен әдеби-сазды кеш 13.12.2016

 

2016-2017 оқу жылында Боралдай кентінде жаңадан ашылған білім ордасы №40 орта мектебінде 12 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жыл қарсаңында Іле аудандық білім бөлімінің жоспары негізінде «25 жұлдызды күн» ортақ тақырып аясында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі бірегейі Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен тәуелсіздік бастауы болған Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан-Мәңгілік Ел» атты әдеби-сазды кеш.Кешті ұйымдастырғандар мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ш.Қ.Ахметкулова мен Ш.А.Базаргалиева және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі.

Кештің мақсаты: Тәуелсіздік жолында жандарын қиған батырларымызды ұлықтау, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Кештің қонақтары белгілі ақын, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты - Аманғазы Кәріпжан және М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының актері Үсіпхан Сейтімбетов.

Кездесу кезінде ақындар өз өмірлерінен қызықты жайттарды айтып,оқушы көңілінен шыға білді.Ақын Аманғазы Кәріпжан суырып салма ақындығын дәлелдеп оқушыларға сахна төрінде тұрып мектепке арнауын жеткізді. Ал, актер Үсіпхан Сейтімбетов болса домбырасымен әнін шырқап, жиналған қонақтардың алғысына ие болды. Мектеп оқушылары ақынның өз өлең шумақтарын оқып, кеш қонақтарына көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Балалардың сұрақтарының ешбірі жауапсыз қалмады.Сондай-ақ сұхбаттасу кезінде бастарын өткен қызықты әңгімелерін айтып,оқырмандармен бөлісті.Кеш соңында оқушылар фотоға түсіп, ақын мен актердің қолтаңбаларын қойғызды. Кеш жоғары деңгейде өтті.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына мектебімізде «25 игі іс» атты жоспарына сәйкес атқарылған шаралардың бірі ол мектеп көрмесі.Көрмедегі ұсынылған бұйымдар ,суреттер мен фотоколлаждарды мектебіміздің оқушылары әзірледі.Мектебіміздің шебер, әрі өнерлі оқушылары әртүрлі материалдардан тақырыпқа арнап түрлі бұйымдар жасады.Сөрелерде қойылған бұйымдарды оқушылар өз қолдарымен ағаш бедеріне ойып,Тәуелсіздік символдарын айшықтап, нақышына келтіріп көрсеткен.

«Өнерлінің өрісі кең» дейді дана халқымыз.Ебін таба білген кез келген адам ойының ұшқырлығымен түрлі бұйымдарды жасайтыны анық.Оның дәлелі –біздің көрмеміз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына мектебімізде «25 игі іс» атты жоспарының орындалуына барлық мектеп оқушылары мен ұстаздары ат салысуда.Сондай-ақ мерей тойымызға арналған іс-шаралар жалғасын табуда.