Ұлы Отан соғысының ардагері, абыз ақсақалымыз Давруш Гасановты 100 жасқа толған мерейтойымен №3 орта мектептің басшысы, аудандық мәслихаттың депутаты Светлана Өрікбайқызы Нұрғисаеваның ұйымдастыруымен ауыл белсенділері Жетіген ауылдық округі ардагерлер кеңесінің мүшесі Н.Ожханов және №3 мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы капитан шенді Қ.Әуелбеков және Қ.Әлдібеков, «Жас Ұлан» жастар қанатының мүшелері 10 "б" сынып оқушылары Ю.Исрафилов, Ильмира Гасановалар ардагерді арнайы үйіне іздеп барып, құттықтап қайтты. Давруш ата 100-ге келсе де әлі бойын тік ұстаған, сөзі ширақ, есту қабілеті де жақсы. Ардагерлер кеңесінің мүшесі Н.Ожханов абыз атаны туған күнімен құттықтап, қазақ - «төріңнен қартың кетпесін», - деп тілеген халық, сол үшін сізге зор денсаулық, баянды өмір тілейтіндігін айтты. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қ.Әуелбеков құттықтау сөзінде «Сіздің Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен әрбір қимылыңыз біздерге, жас ұрпақтарға үлкен сабақ болады», - деді. Мектеп ұжымы атынан берілген сыйлықтарды оқушылар табыс етті. Давруш ата өзінің ризашылығын білдіре отырып, мектеп ұжымына оның басшысы Светлана Өрікбайқызына және барлық ұжым мүшелеріне, жас жеткіншектерге бақытты өмір сүріңдер, соғыс болмасын, әрбір шаңыраққа бақыт тілеймін, - деді.

|