Басты  - Тарихи маңызы зор мереке
 

 
 
 
Тарихи маңызы зор мереке 11.12.2015
Ақши ауылдық кітапханасында 1-ші желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні мерекесіне орай «Ел бақытын мұрат тұтқан Елбасы» атты тақырыпта әдеби-сазды кеш өтті. Аталған шараның басты мақсаты - оқырмандарға Елбасымыздың әлемнің аса ірі мемлекеттері мойындаған саяси саңлақ, дара тұлға екендігін таныту, саяси білім беру және Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ұялату болды. Жоспарлы түрде өткен шараға округ әкімі, партия ұйымының төрағасы Д.Өгізбаев, ауыл ақсақалдары, округ ардагерлер Кеңесінің, қоғамдық Кеңесінің, әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі Кеңестің төрағалары, мекеме, ұйым басшылары, мектеп ұстаздары мен жоғарғы сынып оқушылары, сонымен қатар «Күрті» бастауыш партия ұйымының мүшелері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, барлығы 80 адам қатысты. Күрті ауылдық округінің әкімі әдеби-сазды кешті ашып, өз сөзінде өтіп жатқан кештің мақсаты мен маңыздылығына тоқталып өтсе, Ақши ауылдық кітапханасының кітапханашысы Қ.Аманбаева Елбасының егемендік жолында атқарған қызметіне тоқталып өтсе, «Көркем сөз» үйірмесіне қатысатын оқушылар тарапынан Елбасыға арналған өлең шумақтары оқылып, кітапхана ұжымымен Президенттің өмір жолы таныстырылып, слайд көрсетіліп, Мәдениет үйі қызметкерлерімен патриоттық әндер орындалды.
Сонымен қатар, Т.Бокин атындағы №41 орта мектеп оқушылары арасында «Тұңғыш Президент», «Менің Президентім» және «Астана - Елбасының төл перзенті» атты тақырыптарда сынып сағаттары, «Кемеңгер көшбасшысымен татулық кемесінде» атты тақырыпта мектептің мәжіліс залында дөңгелек үстел және «Отаны деп соққан жүрегі» атты тақырыпта аудандық мәслихат депутаты Қ.Беғ-Алидің қатысуымен кездесу өтті. Бұдан басқа, «Астана - Президент қолтаңбасының жемісі» деген тақырыпта сурет байқауы ұйымдастырылып, жақсы сурет салған оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ақши ауылдық Мәдениет үйінде «Бір ел, бір тағдыр, бір Елбасы» атты тақырыпта Тұнғыш Президент күні мерекесі ұйымдастырылып өткізілді. Аталған шараға округ әкімінің орынбасары, штаттан тыс кеңесшісі М.Жұмамұратов, округ ардагерлер Кеңесінің, қоғамдық Кеңесінің, әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі Кеңестің мүшелері, мекеме, ұйым басшылары мен еңбек ұжымдары, көше комитет төрағалары, жеке кәсіпкерлер, жеке шаруа қожалық иелері, «Күрті» бастауыш партия ұйымының мүшелері мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, барлығы 220 адам қатысты. Мереке күні партия мүшелері құттықтау сөз сөйлеп, Ақши ауылдық ауруханасының дәрігері Э.Төремуратова, округ ардагерлер Кеңесінің мүшесі, көше комитет төрағасы В.Кузовлев, Т.Бокин атындағы №41 орта мектептің мұғалімі А.Адилова және №8 орта мектептің мұғалімі И.Жандаевалар да өз құттықтауларын жеткізді.
Мереке Ақши ауылдық Мәдениет үйі қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылған концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, өз нәтижесінде өткізілді.