2017 жылдың 21 наурыз күні Қараой округінің Қосөзен ауылының тұрғындары үшін қуанышты және есте қалаттын күн болды. Қосөзен ауылына Ұлыстың Ұлы Күні 22 Наурыз мерекесі қарсаңында көптен күткен газ құбыры жүргізілді. Аудан әкімі Қ.Ө.Медеуов. аудандық маслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Е.С.Тұрымбетов, округ әкімі В. Поротиков және ЖШС «ISKER KOMPANI» директорының орынбасары В.Ю.Сагинбаев, аудандық маслихат депутаты М.С.Кошалко, ауыл имамы, поп тұрғындарды құттықтап, қызыл лентаны кесіп, от алауын жандырды.
Ұлтымыз үшін алтын бесік болып саналатын ауылдың жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Оның дәлелі – көгілдір отын – газдың қосылуы – соның жарқын көрінісі. Газбен қамтамасыз етіліп отырған Қосөзен ауылы. Мұнда қазір 373 аула, 3459 -дың үстінде тұрғын бар. Ауылда дәрігерлік амбулатория, 859 оқушы білім алып жатқан №14 орта мектеп, 25 бүлдіршін тәрбиеленетін балабақша, пошта бөлімше орындары жұмыс істейді. Жобалық құны 220 млн. теңге болатын құрылыс жұмыстарын «Байтерек Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.
Бұл күні Қосөзен ауылы Абай көшесінің бойныда газ тарататын бекеттің қасына жиналған ауыл тұрғындарының қуанышында шек болмады.






|