«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі №267 заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес «мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы» сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Практика лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік хабар айту, өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдану жиі кездесетінін көрсетіп отыр.
Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпен байланыстырады. Бар беталысқа қарамастан және басқа салада - үкімет билігі және жеке кәсіпкерлердің әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы таратуда - мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заң аса егжей-тегжейлі әзірленген. Шынында да мемлекеттік қызметшілер анағұрлым ауқымды дискрециялық өкілеттілікті иелене және көбінде бақылаусыз әрекет ете отырып, өз мүдделерінде, және демек мемлекеттік мүддесін қарамастан лауазымдық мансаптығын қолданудың барлық мүмкіндігін иелене алады.
Осы орайда, ауданымызда Іле аймағы бойынша ауданаралық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқарма басшысы Ізбасаров Бірлік Қуатбекұлы және Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жарқынбеков Сұлтан Данашұлымен "Сыбайлас жемқорлыққа күрес баршамызға ортақ іс" атты кездесу өткізілді. Кездесуге шағын шаруашылық орталықтарының директорлары аудандық маслихат депутаттары, белсенді жастар, БАҚ өкілдері және "Іле ауданының жастары" орталығы қатысты. Кездесуде талқыланған мәселелердің бастысы ол ауданымызда корупцияны болдырмау.

|