Әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен, белгілеген бағыты бар еліміз - үшінші жаңғырудың бастаған алғашқы күндерінде қайта түлеудің екі процессі: саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алған тұстағы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» Жолдауы еліміздің мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қадам басатын және бұқаралық сананы өзгерту арқылы тағылымы мол тарихымыз бен ұлттық-салт дәстүріміздің өркендеуінің, берік діңін қалыптастырып, дамытып, болашаққа сеніммен бет алуымыздың бағдаршамындай болып, ісімізге тың серпіліс беріп отыр. Жолдау 800-дей оқырманы бар КазЦИК ауылдық кітапханасы кеңесінде таныстырылып, кеңінен талқыланды. Сондай-ақ кітапханада тұрақты жұмыс істеп тұрған «Киелі КазЦИК өңірі» көрмесі аясында «Ұлттық бірлігіміз - ұлттық құндылықтар» атты мәдени ұлттық тәрбие сағаты өткізілді.
Жолдауда көрсетілген таяу жылдарда істелетін міндеттер қатарындағы «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруды міндеттеген Елбасы Жолдауында «Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек» - дей келе, заманауи әлемдегі бәсекелік қабілет-мәдениеттің де бәсекелік қабілеті - деп атап көрсетеді. Әркім жеке басының қандай да бір іске қосқан үлесі мен кәсібіи біліктілігіне қарап бағаланатын меритократиялық қоғам құрып жатқан елдегі Елбасымыз қазақстандықтарды ешқашан бұлжымайтын екі ережені естен шығармауға міндеттеді. Олар - ұлттық код және өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарта отырып алға басу. Елбасымыздың аталған Жолдауындағы ұсыныстарын терең зерделей келе, КазЦИК ауылдық кітапханасы округте жалғыз мәдениет ошағы болғандықтан округ әкімшілігімен және басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып арнайы бағдарламалы жұмыстарды қолға алып, іске асырады.
|