Биыл Қарқара-Албан көтерілісіне (2016-1916) 100 жыл толады. Ел болып, еңсемізді тіктеп, етегімізді жиған осынау тұста айтулы бір ғасырлық оқиғаны атап өту маңызды деп ойлаймын. Себебі, бұл көтеріліс отарлаушы ресейлік ақ патша үкметіне қарсы жасалынған қазақ тарихындағы ірі соғыстардың бірі болып табылады. көтеріліс қазақ халқының ұлттық егемендік, халықтық теңдік жолындағы сана-сезімінің өскендігін, ұлттық рухының беріктігін көрсетсе, кез-келген уақытта отарлаушы империяға қарсы тұра алатындығын дәлелдеді. Яғни ақ патша да онан кейінде билікке шыққан үстем тап үкметтерде қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұмтылыстары және талап-арыздары мен санаспаса болмайтындығын аңғартты. 1917-жылы Лениін "көтеріліс жасаған шаруаларға көмектесу керек"- деп бәйек болуының да жөні бар. 1731-жылдардан бастап ресейлік ақ патша отаршылдығына қарсы қазақ даласында көптеген ұлт-азаттық көтерілістер болғаны белгілі. солардың ең ірілерін Есет, Жанқожа, Исатай мен Махамбет, Кенесәрі, Тәзәбек пен Саурық бастаған ұлы жорықтар еді. Осы көтерілістердің заңды жалғасы 1916-жылғы Қарқар-Албан көтерілісі болды. Бұл көтеріліс әсіресе 1866-1871-жылдары жүргізілген Тәзәбек пен Саурық бастаған ұлт-азаттық соғыспен тарихи тамырластықта болды. Үйткені Тәзәбек пен Саурық бастаған көтеріліске қатынасқандар 1916-жылғы көтеріліске де қатынасты. Екі көтерілістің арасы 45 те 50 жылдай уақыт өтсе де, рухы өлмеген боздақтар жауға қарсы тағыда атойлап алға шапты.

|