Апта басында «Энергетик» бастауыш партия ұйымының, аудандық кітапхана тобының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік жолында күрескен ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі болатын интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауғанстан ақиқаты» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы Е.Тұрымбетов, «Нұр Отан» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Абилова, аудандық ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің төрағасы М.Қаржаубаев қатысып, мерекелерімен құттықтады. Ауған соғысына қатысқан М.Қаражігітов, С.Шахтемиров, М.Исаев сынды бірқатар ардагерлеріміз Ресейдің Әуе Әскери Десанттық төсбелгісімен марапатталды.
Өткенге тоқталсақ, 1979 жылдың 25 желтоқсанында КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан етіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-ы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше Кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл белінді.
Қазіргі күні ауған соғысы ардагерлеріне деген ыстық ықылас пен аса көңіл бөлушілік барлық жерлерде жақсарып келеді.
Біздің ауданда да интернационал жауынгерлерінің қатысуынсыз барлық қоғамдық жұмыстар, іс-шаралар, спорттық бәйгелер етпейді. Олар ескелең ұрпақ алдында құрметке ие батыр азаматтар болып қала бермек.
Дөңгелек үстелдің соңында аудандық жасөспірімдер мен балалар спорт кешенінде дзю-додан Ауған соғысы ардагерлеріне арналып ұйымдастырылған турнирге қатысып, жас спортшыларға өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді. Одан кейін Өтеген батыр кентіндегі интернационал жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қойып, қаза болған жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

|