ЕСКЕРТКІШТІ ЕСІРКЕЙІК!  

   

    Iле ауданы әкімдігінің бастамасымен Энергетический ауылдық округ әкімінің орынбасары А.В.Штейнке, осы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Р.Н Курманғалиев сынды азаматтардың ұйымдастыруымен Ауған соғысында шейіт болған интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішті қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда ескерткіш қалыпқа келтіріліп, жан-жағы абаттандырылды. Бұл ескерткіш 2003 жылы З.Батталханов көшесі мен Қолдасов көшелерінің қиылысында тұрғызылған болатын. Ауданымыздан Ауған соғысына барып қатысып, шейіт болған боздақтарымыздың есімі ескерткішке айқындалып жазылған. Ескерткіш қызыл мрамор таспен қапталынған.
Ауған соғысының ардагерлері осы ескерткішке келіп, майдан даласында шейіт болған жолдастарын еске алып, тағзым етеді. Осы соғыста көптеген жерлестеріміз майдан даласынан оралмады. Бүгінде көзі тірі интернационалист жауынгерлердің тілегі бір. Олар өз бастарынан өткендерін кейінгі ұрпақтар көрмесе дейді. Ерлердің ерлігін еске алып, тағзым жасау бүгінгі қоғамның, өскелең ұрпақтың басты парызы. Ерлердің есімі ел есінде мәңгілік қалады.
Ания ӨМІРТАЙ