Құрметті Іле ауданының тұрғындары! Іле ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиясы және ЖПҚ-нің әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен өзара қарым-қатынас жұмыстарының нәтижесінде кәмелетке толмағандарға және әйелдерге қарсы жыныстық зорлау қылмыстары тұрақталған.
Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша Ішкі Істер Министрлігі өзге мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп тәжірибелік-ұйымдастыру, заң тұрғысынан атқарылатын шараларға басты назар аударуда.
ІІМ-нің бастамасы бойынша, шетелдік тәжірибені ескере отырып, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бағытында заңдар қабылданып, әзірленуде. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының балалардың құқығын қорғау мәселесі бойынша 2016 жылдың 9 сәуірінде кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды. Аталған Заң бойынша кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылған. Түнгі ойын-сауық орындарында кәмелеттік жасқа толмағандардың жүргені үшін осы мекемелердің иелеріне жауапкершілік артылатын болады. Сонымен қатар, аталған заң талаптары бойынша кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық-зорлау қылмыстарының жазасы да қатаңдатылған. Осыған дейін кәмелетке толмағандарды зорлағандарға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданған болса, бүгінгі таңда ол жаза, 10 жылдан 15 жылға дейін, ал, сәбилерді зорлағаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін жаза беріледі.
Алғаш рет заң жүзінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша міндеттеме жүктелген ата-аналардың, педагогтардың және өзге де адамдардың осындай қылмыс жасағандары үшін жауапкершілігін қатаңдату бойынша өзгерістер енгізілді. Мәселен, балалар тәрбиесімен айналысатын педагог кәмелетке толмағандарды зорлау қылмысын жасаса, ол 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, өмір бойына педагогтық қызмет атқару құқығынан айырылады.
ІІМ-гі заңнамалық бастамалармен қатар, кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша бірқатар ұйымдастырушылық және іс жүзіндегі шараларды қолға алып келеді. Мәселен, криминалдық, ювеналды полициясы, тергеу бөлімі мен баспасөз қызметі қызметкерлері қатарынан құрылған арнаулы топтар интернет желілерін пайдаланып, жасырын педофилдерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді.
Г.НЕЧАЕВ, полиция майоры. Д.ТАЛИМЖАНОВА, полиция майоры.
|